"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Мемлекеттік техникалық қызмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 630 қаулысы
Редакция 17.05.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Мемлекеттік техникалық қызмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Мемлекеттік техникалық қызмет" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі нысанасы ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызмет болып анықталсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен (келісу бойынша) бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қоғамның жарғысын бекітуді;
2) қоғамды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында мемлекеттік тіркеуді;
3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беруді;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 630 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"21-196. "Мемлекеттік техникалық қызмет" акционерлік қоғамы".
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 242-3-жолмен толықтырылсын:
"242-3 "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ".
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.05.2022 жылғы № 311 Қаулысымен (01.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)
4. "Ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғаларына ден қоюдың дағдарысқа қарсы ұлттық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 тамыздағы № 488 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 49, 249-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғаларына ден қоюдың дағдарысқа қарсы ұлттық жоспарында:
"6) ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы (бұдан әрі – АҚҰҮО) – "Мемлекеттік техникалық қызмет" акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшесі";".
Полная версия