Близость слов: Окончание:





Медициналық оңалту көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 9 қазанда № 21381 болып тіркелді
Редакция 13.09.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 125-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-91  Бұйрығына сәйкес (07.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Медициналық оңалту көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық-әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет минстрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А. Ғиниятқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазаны
№ ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығына 1-қосымша
Медициналық оңалтуды көрсету қағидалар
1. Медициналық оңалтуды көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 125-бабының 6-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) әзірленді және меншік нысанына қарамастан амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық көмек көрсететін бастапқы, қайталама және үшінші деңгейдегі медициналық ұйымдарда, сондай-ақ үйде және санаторийлік-курорттық ұйымдарда оңалту көрсету тәртібін айқындайды.
2. Қағидалар туа біткен аурулармен ауыратын адамдарға, жіті жағдайлардан, хирургиялық араласулардан және жарақаттардан кейін, сондай-ақ негізгі ауруды емдеу кезінде олардың салдарын медициналық оңалту бойынша медициналық көмек көрсету тәртібін айқындайды.
3. Медициналық оңалту:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-91  Бұйрығына сәйкес (07.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде негізгі ауруларды емдеу кезінде (медициналық оңалтудың бірінші кезеңі), сондай-ақ туберкулезбен ауыратын науқастарға;
2) 10-қайта қараудың денсаулыққа байланысты аурулар және проблемалардың халықаралық статистикалық жіктемесінің кодтары бойынша аурулардың тізбесі бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) (медициналық оңалтудың екінші және үшінші кезеңдері);
Полная версия
ИС BestProfi