БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2022
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің мақта саласындағы мәселелер жөніндегі кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 314 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 13 қазанда № 21418 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министріні 16.02.2021 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін мақта саласындағы мәселелер жөніндегі кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 12 қазаны № 314 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін мақта саласындағы мәселелер жөніндегі кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Сарапшы ұйымға қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-1/55 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11004 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
«Аккредиттелген сынақ зертханаларына (орталықтарына) қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
«1. Қоса беріліп отырған Аккредиттелген сынақ зертханаларына (орталықтарына) қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»;
Сарапшы ұйымға* қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі осы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін мақта саласындағы мәселелер жөніндегі кейбір бұйрықтарының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Полная версия