Близость слов: Окончание:





Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысы
Редакция 03.03.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі 85-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелерді жүргізу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар);
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес халықтың профилактикалық екпелерге жатқызылатын топтары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері:
1) Қағидаларға сәйкес халықтың профилактикалық екпелерді алуын;
2) профилактикалық екпелер жүргізуге жағдайлары жоқ елді мекендерде тұратын халықты вакцинациялау мақсатында көшпелі екпе бригадаларының жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2020 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 612 қаулысына 1-қосымша
Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.03.2021 жылғы № 173 Қаулысына сәйкес (24.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.02.2024 жылғы № 102 Қаулысына сәйкес (30.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Республикалық бюджет қаражаты есебінен егілетін адамның вакцинациялау жүргізуге хабардар етілген келісімі алынғаннан кейін мынадай инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер (вакциналарды енгізу) жүргізіледі:
адам папилломасы вирусы туғызған ауру;
2) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша профилактикалық екпелер:
Полная версия
ИС BestProfi