2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1 бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 07.03.2022
Конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 380/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 15 қазанда № 21441 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 7 наурыздан бастап ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 22.02.2022 жылғы № 60/НҚ Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1165 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12966 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Инновациялық экожүйе және ғылыми-техникалық даму департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусин
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 12 қазаны № 380/НҚ Бұйрығымен бекітілді
Конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1-бабының 2-тармағы 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және конструкторлық бюролардың жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) алушы – осы Қағидаларға сәйкес конструкторлық бюролар қызметтерін көрсету үшін өтініші қабылданған өтініш беруші;
Полная версия