Близость слов: Окончание:





Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелді
Осы Бұйрыққа өзгеріс енгізу қарастырылады ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.12.2021 № ҚР ДСМ-128 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 07.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрыққа өзгерістер енгізілді 2022 жылғы 27 наурыздан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.03.2022 жылғы № ҚР ДСМ-23 Бұйрығына сәйкес
Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.07.2022 жылғы № ҚР ДСМ-62 Бұйрығына сәйкес (11.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 07.12.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 31) және 33) тармақшаларына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.07.2022 жылғы № ҚР ДСМ-62 Бұйрығына сәйкес (11.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.11.2022 жылғы ҚР ДСМ-136 Бұйрығына сәйкес (01.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес стационарларда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттамасының нысандары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес стационарларда және амбулаториялық-емханалық ұйымдарда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттамасының нысандары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес амбулаториялық-емханалық ұйымдарда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттамасының нысандары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес басқа үлгідегі медициналық ұйымдардың медициналық есепке алу құжаттамасының нысандары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес медициналық ұйымдардың құрамындағы зертханалардың медициналық есепке алу құжаттамасының нысандары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес қан қызметі ұйымдарының медициналық есепке алу құжаттамасының нысандары;
7) медицина қызметкерлерінің толтыруы үшін міндетті құжаттаманың тізбесі;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.06.2024 жылғы № 25 Бұйрығына сәйкес (23.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес медициналық қызметтерді көрсету ақауларын есепке алу картасының нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығының құрылымдылық элементінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.Ғ. Ғиниятқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрінің  міндеттерін атқарушы А. Ғиният   
Полная версия
ИС BestProfi