Близость слов: Окончание:





Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 қарашада № 21642 болып тіркелді
Редакция 14.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 123-бабының 4-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.07.2023 жылғы № 141 Бұйрығына сәйкес (08.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтары мен кейбір бұйрықтардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 13 қарашасы
№ ҚР ДСМ-194/2020
Бұйрыққа 1-қосымша
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидалары
1. Осы Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 123-бабының 4-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына (бұдан әрі - МСАК) жеке тұлғаларды бекіту тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 08.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес (07.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
2-тармақ өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.07.2021 жылғы № ҚР ДСМ-66 Бұйрығымен (өзгерту 15.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.12.2021 жылғы № ҚР ДСМ-125 Бұйрығына сәйкес (28.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 08.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен (07.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.07.2023 жылғы № 141 Бұйрығына сәйкес (08.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) әкімшілік-аумақтық бірлік – ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс;
2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – аударымдар мен жарналарды жинақтауды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
3) бала (балалар) – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
Полная версия
ИС BestProfi