Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 18.09.2023
«Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 789 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 18 қыркүйектен бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 01.09.2023 жылғы № 758 Қаулысына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 696-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы»;
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін және босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларында:
«Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары»;
«1. Осы Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 25-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын (бұдан әрі – жеке басты куәландыратын құжат) ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін айқындайды.»;
«13) жол жүру құжаты – Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығу үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға берілетін құжат.»;
«Жол жүру құжатын құжаттандырылатын адам есепке алынған жердегі уәкілетті мемлекеттік орган құжатты алуға өтінім берілген күннен бастап он жеті жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде береді және ол иесінің өзіне немесе оның заңды өкіліне беріледі.»;
«2-тарау. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу және беру тәртібі»;
«6-параграф. Жол жүру құжатын ресімдеу және беру тәртібі
28-1. Жол жүру құжатын ресімдеу үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар (балалары және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар үшін олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) өкілдікке өкілеттіктерін растайтын құжаттарды ұсына отырып) өздері уәкілетті мемлекеттік органға мынадай құжаттардың бірін:
туу туралы актілік жазбаны (реадмиссияланатын адамдарды құжаттандыру кезінде);
туу туралы куәлікті (16 жасқа толмаған босқындар немесе реадмиссияланатын адамдар жол жүру құжатын алған кезде);
азаматтығы жоқ адамның куәлігін;
шетелдік паспортты;
босқын куәлігін ұсынады.
28-2. Жол жұру құжатын уәкілетті мемлекеттік орган ШҚТ ТП-ны пайдалана отырып ресімдейді.
28-3. Жол жүру құжаты:
1) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде жүріп-тұруы үшін босқын мәртебесі берілген адамға;
2) Қазақстан Республикасында болу кезеңінде шетелдік паспортын жоғалтқан немесе Қазақстан Республикасынан шығу үшін шетелдік паспортының жарамдылық мерзімі өткен жағдайда Қазақстан Республикасының аумағынан реадмиссиялауға немесе шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.
28-4. Жол жүру құжаты қазақ және ағылшын тілдерінде толтырылады.
28-5. Жол жүру құжаты бір жылға жарамдылық мерзімімен беріледі, бұл ретте босқындар үшін жол жүру құжатының жарамдылық мерзімі босқын куәлігінің қолданылу мерзімінен аспауы тиіс.»;
«3-тарау. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібі»;
«30. Қазақстан Республикасының азаматтары жеке басты куәландыратын құжаттарды жоғалтқан, олар одан әрі пайдалануға жарамсыз болған, жеке тұлғаны сәйкестендірумен байланысты өзгерістер енгізу қажеттілігі туындаған, осы Қағидалардың 29-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген деректерді сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайларда, сондай-ақ анықтамалық деректерінің ауысуына, өзгеруіне, құжаттарды әзірлеудің жаңа технологиясына сәйкес олардың түр өзгерісіне байланысты жаңа құжаттар алу үшін – тұрақты тіркелген жері бойынша, сондай-ақ жеке басты куәландыратын құжаттары жоғалған, олар одан әрі пайдалануға жарамсыз болған, неке қию (бұзуы) бойынша тегін өзгерткен, құжаттарды әзірлеудің жаңа технологиясына сәйкес олардың түр өзгерісіне байланысты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі негізінде алғаш рет Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алумен, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың туу туралы куәлігі негізінде Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мен (немесе) жеке куәлігін алуына байланысты жағдайларда нақты болатын жері бойынша уәкілетті мемлекеттік органға өтініш білдіреді.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ босқындар жеке басты куәландыратын құжаттарды жоғалтқан, олар одан әрі пайдалануға жарамсыз болған, жеке тұлғаны сәйкестендірумен байланысты өзгерістер енгізу қажеттілігі туындаған, осы Қағидалардың 29-тармағының 1), 2), 3), 4) 5), 6) тармақшаларында көрсетілген деректерді сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайларда, сондай-ақ анықтамалық деректерін ауыстыруына, өзгертуіне байланысты жаңа құжаттар алу үшін тұрақты тіркелген жері бойынша (босқындар үшін – уақытша тіркелген жері бойынша) уәкілетті мемлекеттік органға өтініш білдіреді.
Бүлінуіне, жеке басты сәйкестендірудің мүмкін болмауына байланысты одан әрі пайдалануға жарамсыз құжаттарды қоспағанда, жеке басты куәландыратын жаңа құжаттар алынғанға дейін бұрынғы құжаттар алып қойылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:
«43-1. Жоғалтып алуына байланысты жол жүру құжатын ауыстыру үшін босқын уәкілетті мемлекеттік органға жоғалту мән-жайларын көрсете отырып, жол жүру құжатын қалпына келтіру туралы қосымша жазбаша өтініш береді.
Анықтамалық деректерінің, жынысының өзгеруіне байланысты жол жүру құжатына өзгерістер енгізу үшін босқын жүгінудің негізділігін растайтын құжатты қосымша ұсынады.».
2. Осы қаулы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Полная версия