Близость слов: Окончание:





Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 желтоқсанда № 21713 болып тіркелді
Редакция 04.02.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодекс 121-бабының 4-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының [[1-тармағына|454706991] сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.01.2023 жылғы № 11 Бұйрығына сәйкес (30.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А. Ғиниятқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидалары
1. Осы Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 121-бабының 4-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.01.2023 жылғы № 11 Бұйрығына сәйкес (30.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.01.2023 жылғы № 11 Бұйрығына сәйкес (30.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) арнайы дайындалған әуе кемесі – функционалдық мақсатына және пайдалану сипаттамаларына сәйкес медициналық көмек көрсету үшін жеке қолданылатын аппараттармен, аспаптармен, жабдықтармен, кешендермен, жүйелермен жарақтандырылған медициналық авиация желісі бойынша мамандандырылған операцияларды орындауға арналған әуе кемесі;
2) әуе кемесі (көлік) – жер (су) бетінен шағылысқан ауамен әрекеттесуді болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебінен атмосферада қалықтайтын аппарат;
Полная версия
ИС BestProfi