Мейіргерлік күтім көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № ҚР ДСМ-199/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 қарашада № 21674 болып тіркелді
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 127-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 31.03.2025 жылғы № 26 Бұйрығына сәйкес (23.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.04.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «Паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 168 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10803 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда «Әділет» акпараттық- құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № ҚР ДСМ-62 бұйрығымен бекітілген, өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір бұйрықтар тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18637 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
1. Осы мейіргерлік күтім көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 127-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және мейіргерлік күтім көрсету тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 31.03.2025 жылғы № 26 Бұйрығына сәйкес (23.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.04.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) дәрігерге дейінгі медициналық көмек - орта медицина қызметкерлері дербес немесе денсаулықты насихаттауды, пациенттің жай-күйін бағалауды, дәрігерге дейін диагноз қоюды, дәрігерге дейінгі араласу жоспарын тағайындауды, дәрігерге дейінгі манипуляциялар мен емшараларды орындауды және науқастарға, мүгедектер мен хал үстіндегі адамдарға күтімді қамтитын мультипәндік команда құрамында көрсететін медициналық көмек;
3) Емдеуге жатқызу бюросы порталы (бұдан әрі – Портал) – пациенттерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдамаларды электрондық тіркеудің, есепке алудың, өңдеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі;
4) кеңейтілген практика мейіргері – мейіргер ісі саласында орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар, мейіргерлік күтім шеңберінде кеңейтілген функцияларды жүзеге асыратын маман;
5) мамандандырылған медициналық көмек - диагностиканың, емдеудің, медициналық оңалтудың арнайы әдістерін талап ететін аурулар кезінде, оның ішінде қашықтықтан медициналық көрсетілетін қызметтер құралдарын пайдалана отырып, бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек;
6) медициналық қызметтер - денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту және паллиативтік бағыты бар іс-қимылы;
9) мейіргерлік диагноз - мейіргерлік күтімнің бөлігі және пациенттің ауруының клиникалық белгілерін денсаулығына байланысты нақты және ықтимал проблемаларын сипаттайтын мейіргердің клиникалық пікірі;
12) мейіргерлік құжаттама – мейіргерлердің немесе кеңейтілген практика мейіргерінің басшылығымен күтімді жүзеге асыратын басқа да адамдардың пациенттерге ұсынған мейіргерлік күтім туралы жазба және (немесе) есеп;
13) мейіргерлік күтім - денсаулықты насихаттауды, аурулардың профилактикасын және науқастардың, мүгедектер мен хал үстіндегі адамдардың күтімін қамтитын, барлық жастағы, топтар мен қоғамдастықтардың адамдарына, науқастарға немесе сау адамдарға мейіргерлер және кеңейтілген практиканың мейіргерлері көрсететін медициналық қызметтер кешені;
14) мейіргер - мейіргер ісі саласында техникалық және кәсіптік медициналық білімі бар, мейіргерлік күтімді дербес немесе кеңейтілген практика мейіргерінің немесе дәрігердің супервизиясымен жүзеге асыратын маман;
15) пациент - медициналық көмек көрсетуді қажет ететін ауруының немесе жай-күйінің болуына немесе болмауына қарамастан, медициналық көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға.
3. Мейіргерлік күтімді амбулаториялық, стационарды алмастыратын, стационарлық жағдайларда, сондай-ақ үйде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес ересектерге және (немесе) балаларға амбулаториялық-емханалық және (немесе) стационарды алмастыратын көмек, стационарлық көмек көрсетуге медициналық қызметке лицензиясы бар медициналық ұйымдар көрсетеді.
4. Пациентке мейіргерлік күтімді Кодекстің 27-бабына сәйкес «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар медицина қызметкерлері ұсынады.
5. Мейіргерлік күтім осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (бұдан әрі – ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, сондай-ақ ерікті медициналық сақтандыру жүйесінде ақылы негізде көрсетіледі.
6. Мейіргерлік күтім аудандық, қалалық, облыстық деңгейлерде, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалаларда және астанада оны көрсетудің барлық кезеңдерінде сабақтастық және үздіксіз бақылау қағидаттарын сақтай отырып көрсетіледі.
7. Мейіргерлік күтім: дәрігердің қабылдауында, күндізгі немесе тәулік бойы стационарда, медицина қызметкерін, мобильді бригаданы шақыру кезінде, медицина қызметкерлерінің белсенді патронажы, үйде емдеуді ұйымдастыру кезінде және пациентке қатысты оның уақтылы тамақтануын, дәрі қабылдауды, толыққанды ұйқыны және өмір мен емдеу үшін басқа да аса маңызды функцияларды қамтамасыз ету мақсатында орындалатын іс-шараларды, сондай-ақ денсаулықты насихаттауды, аурулардың профилактикасын қамтиды.
8. Мейіргерлік күтім Кодекстің 127-бабының 2-тармағына сәйкес тәулік бойы дәрігерлік байқауды қажет етпейтін жағдайларда, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерінде (бөлімдерде, палаталарда, төсектерде, кабинеттерде), дербес мамандандырылған медициналық ұйымдарда (мейіргерлік күтім ауруханаларында (бұдан әрі – МКА)) стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде, оның ішінде мобильдік бригадаларды пайдалана отырып жүзеге асырылады.
9. Пациентті мейіргерлік күтім көрсететін ұйымдарға емдеуге жатқызу ТМККК шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) маманының немесе медициналық ұйымның бейінді маманының жолдамасы бойынша Портал арқылы пациентті немесе оның заңды өкілін стационарға жатқызудың мерзімі туралы хабардар ете отырып, жоспарлы тәртіппен жүзеге асырылады.
10. Пациентті мейіргерлік күтім көрсететін медициналық ұйымдарға емдеуге жатқызу медициналық көмек көрсетудің жоспарлы және (немесе) шұғыл нысанында жүзеге асырылады.
11. Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмекті және тұрақты дәрігерлік бақылауды талап ететін пациенттер МКА-ға емдеуге жатқызылмайды.
2) учаскелік дәрігердің, жалпы практика дәрігерінің немесе аудандық, қалалық емхана немесе мамандандырылған медициналық ұйым маманының жолдамасының болуы көзделеді.
13. Пациентті МКА мейіргерінің қарап-тексеруі оның денсаулық жағдайын, емдеуге жатқызу мерзімдерін айқындау және МКА-ға емдеуге жатқызуға қарсы көрсетілімдерді анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
14. Науқасты МКА-да емдеген кезде пациент туралы мәліметтер Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша Науқастарды қабылдауды және емдеуге жатқызудан бас тартуды есепке алу журналына және медициналық картаға тіркеледі, сондай-ақ МКА Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысандар бойынша есепке алуды жүргізеді және өз жұмысы туралы есеп береді.
15. Мейіргерлік күтім түрінде стационар жағдайында көмек алған пациентті ауруханадан шығарған кезде Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша статистикалық карта толтырылады.
16. Науқастың медициналық картасынан алынған қажетті ұсынымдары бар үзінді көшірме пациенттің қолына немесе оның заңды өкіліне қол қойғызып беріледі және бекітілген жеріндегі МСАК медицина ұйымына беріледі.
18. Пациент қайтыс болғаннан кейінгі кезеңде мейіргерлік көмекті жүзеге асыратын мейіргер отбасына ығыр қылмайтын әдепті нысанда психологиялық көмек көрсетеді, қажет болған жағдайда, психологтың консультациясы тағайындалады.
8) пациенттерге санитариялық-гигиеналық көмекті (сүрту, жуу, гигиеналық ванна, тырнақтарын алу, шашын тарау, іш киім мен төсек жаймаларын ауыстыру және басқалар);
9) МКА мейіргері тағайындаған медициналық-әлеуметтік көмек көрсету, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 13-бабының 2) тармақшасына сәйкес қорғаншылық және қамқоршылық органдарына әлеуметтік оңалтуды қажет ететін кәмелетке толмағандарды асырап алуға, қамқоршылыққа алуға, бала асырап алатын отбасыға, баланы қабылдайтын кәсіптік отбасыларға орналастыруға жәрдемдесу бойынша іс-шараларды орындауды жүзеге асырады.
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 31.03.2025 жылғы № 26 Бұйрығына сәйкес (23.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
23. Мейіргер Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысандар бойынша пациенттің жай-күйін бағалауды, мейіргерлік күтім жоспарын жасауды және орындауды, дәрігер жасаған тағайындауларды орындауды, анықталған проблемаларға сәйкес күтім жасау жоспарын бейімдеуді және іске асыруды, пациенттерді, отбасыларды, күтімді жүзеге асыратын адамдарды оқытуды, бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізуді жүзеге асырады.
Кеңейтілген практика мейіргерлері Кодекстің 127-бабының 5-тармағына сәйкес клиникалық хаттамаларға және клиникалық мейіргерлік нұсқауларға сәйкес пациенттің (клиенттің) жай-күйін мейіргерлік бағалауды, мейіргерлік диагноз қоюды, мейіргерлік араласу жоспарын тағайындауды және тиімділік мониторингін қамтитын тәуелсіз кәсіптік мейіргерлік күтімді жүзеге асырады.
24. Мейіргерлік күтім көрсету кезінде емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша (көрсетілімдер болған кезде) ауырсынуға қарсы терапия жүргізу және оның тиімділігін айқындау клиникалық хаттамаларға және Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша ауырсынуды бағалауға сәйкес жүзеге асырылады.