Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 желтоқсанда № 21856 болып тіркелді
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 42-тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.04.2023 жылғы № 72 Бұйрығына сәйкес (16.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.06.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасы
Номенклатура өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.03.2021 жылғы № ҚР ДСМ-23 Бұйрығымен (21.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Номенклатура жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.04.2023 жылғы № 72 Бұйрығына сәйкес (16.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.06.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)