Близость слов: Окончание:





Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-291/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 желтоқсанда № 21831 болып тіркелді
Редакция 18.10.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Преамбула жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 19.11.2021 жылғы № ҚР ДСМ-120 Бұйрығына сәйкес (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады)
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.04.2022 жылғы № ҚР ДСМ -38 Бұйрығына сәйкес (19.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады)
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А.Цой
Денсаулық сақтау министрі
 2020 жылғы 20 желтоқсандағы
 № ҚР ДСМ-291/2020
 бұйрығына қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.08.2021 жылғы № ҚР ДСМ-86 Бұйрығымен (20.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 19.11.2021 жылғы № ҚР ДСМ-120 Бұйрығымен (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады)
Қағидалар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.04.2022 жылғы № ҚР ДСМ -38 Бұйрығымен (19.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады)
Қағидалар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.09.2022 жылғы № ҚР ДСМ-97 Бұйрығымен (29.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.12.2022 жылғы № ҚР ДСМ-157 Бұйрығымен (14.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.01.2023 жылғы № 14 Бұйрығымен (08.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
38-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.06.2023 жылғы № 118 Бұйрығымен (24.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.06.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 22.09.2023 жылғы № 151 Бұйрығымен (24.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2024 жылғы № 12 Бұйрығына сәйкес (22.09.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 69-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (бұдан әрі – ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.09.2024 жылғы № 70 Бұйрығына сәйкес (05.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады)
1) адамның иммундық тапшылық вирусын (бұдан әрі – АИТВ инфекциясы) жұқтырған бір адамға арналған тариф – АИТВ инфекциясын жұқтырған бір адамға шаққандағы АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарға клиникалық хаттамалар негізінде қалыптастырылатын ТМККК шеңберінде медициналық-әлеуметтік қызметтер кешенінің құны;
2) АИТВ инфекциясы бойынша халықты зерттеп-қарауға арналған тариф – АИТВ инфекциясын зерттеп-қарау бойынша бір жүгінушіге есептегендегі ТМККК шеңберінде көрсетілетін қызметтердің құны;
3) ақпараттық төлем жүйесі (бұдан әрі – АТЖ) – ТМККК шеңберіндегі және МӘМС жүйесіндегі денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілген қызметтерді сатып алу, оның ішінде сатып алу шарттарын орындау бойынша қызметті автоматтандыратын ақпараттық жүйелер;
4) ауыл субъектісі – мынадай әкімшілік-аумақтық бірліктердің біріне кіретін: аудандық маңызы бар қала, аудан, ауылдық округ, ауыл, кент және «Бекітілген халықтың тіркелімі» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «БХТ» АЖ) тіркелген халыққа қызметтер көрсету кешенін ұсынатын аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектісі;
Полная версия
ИС BestProfi