Близость слов: Окончание:





Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 желтоқсанда № 21847 болып тіркелді
Редакция 26.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 221-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 18.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-84 Бұйрығына сәйкес (28.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидалары және қосымша және бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
«____»________________2020 жыл
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 21 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-303/2020
Бұйрығына 1 қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидалары және қосымша және формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.05.2021 жылғы № ҚР ДСМ-46 Бұйрығымен (21.12.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 28.12.2021 жылғы № ҚР ДСМ-136 Бұйрығымен (26.05.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 18.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-84 Бұйрығымен (28.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.06.2023 жылғы № 117 Бұйрығына сәйкес (18.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидалары және қосымша және формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 221-бабының 6-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың қосымша және формальды емес білім беру бағдарламаларын іске асыру және қосымша және формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Полная версия
ИС BestProfi