Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.05.2025
"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 1207 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 желтоқсанда № 21827 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес 
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
04 "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" сыныбында:
1 "Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 77 ерекшелікпен толықтырылсын:
"77 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы, оның республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар";  
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
01 "Тауарлар мен қызметтерге арналған шығындар" сыныбында:
150 "Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу" кіші сыныбында:
154 "Үй-жайды жалға алу төлемдерi" ерекшелік мынадай редакцияда жазылсын:
"154 Зерттеулер бойынша қызметтерге ақы төлеу";
156 "Консалтингтік қызметтер мен зерттеулерге ақы төлеу" ерекшелік мынадай редакцияда жазылсын:
"156 Консалтингтік қызметтерге ақы төлеу";
мынадай мазмұндағы 157 және 158 ерекшеліктерімен толықтырылсын:
"157 Форумдар, семинарлар, конференциялар өткізуге арналған қызметтерге ақы төлеу  
158 Имидждік іс-шараларға арналған қызметтерге ақы төлеу";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:




 

113

Өтемақы төлемдері

Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне берiлетiн өтемдiк сипаттағы ақшалай төлемдер.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мемлекеттiк және азаматтық қызметшiлердi сауықтыруға арналған жәрдемақы;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өтемақы төлемдерi, бiржолғы жәрдемақылар;

Бюджет қаражатын үнемдеу есебiнен мемлекеттiк мекеме басшысының шешімі бойынша төленетiн материалдық көмек.

 

"


 

деген жол мынандай редакцияда жазылсын:  


 




 

113

Өтемақы төлемдері

Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне берiлетiн өтемдiк сипаттағы ақшалай төлемдер, мемлекеттік мекемелер жүргізетін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өтемақы төлемдерінен ұстауларды аудару.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мемлекеттiк және азаматтық қызметшiлердi сауықтыруға арналған жәрдемақы;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өтемақы төлемдерi, бiржолғы жәрдемақылар;

Бюджет қаражатын үнемдеу есебiнен мемлекеттiк мекеме басшысының шешімі бойынша төленетiн материалдық көмек.

 

";


 

150 "Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу" кіші сыныбында:




 

154

Үй-жайды жалға алу төлемдерi

Бұл ерекшелiк бойынша үй-жайларды, ғимараттарды жалға алғаны үшiн төлемақы көрсетiледi. Жалға алынған үй-жайды, ғимаратты ұстауға, коммуналдық қызметтерге арналған шығындар, электр энергиясына, жылуға арналған шығындар тиiстi ерекшелiктер бойынша жiктеледi.




 

 

"


 

деген жолды мынандай редакцияда жазылсын:




 

154

Зерттеулер бойынша қызметтерге ақы төлеу

Зерттеулерді (оның ішінде социологиялық, талдамалық және ғылыми зерттеулер) төлеуге шығындар.




 

 

";


 

150 "Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу" кіші сыныбында:




 

156

Консалтингтік қызметтер мен зерттеулерге ақы төлеу

Мемлекеттік орган қызметінің үдерісінде туындайтын проблемаларды, мүмкіндіктерді анықтау және бағалау жөніндегі не ахуалды егжей-тегжейлі талдау; жұмыстың қаржылық және басқарушылық тиімділігін (мынадай негізгі қызмет түрлері шеңберінде: басқару консалтингі, ІТ-консалтинг, заң консалтингі, мамандандырылған консалтинг, қорғаныс саласында консалтинг, техникалық консалтингтік қызметтер) арттыру үшін одан әрі іс-қимылдарды түзету жөніндегі консалтинг қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар, сондай-ақ зерттеулерге (оның ішінде әлеуметтік, талдамалы және ғылыми зерттеулер) ақы төлеуге арналған шығындар.




 

 

"


 

деген жолдар мынандай редакцияда жазылсын:




 

156

Консалтингтік қызметтерге ақы төлеу

Мемлекеттік орган қызметі процесінде туындайтын проблемаларды, мүмкіндіктерді айқындау және бағалау жөніндегі не ахуалды егжей-тегжейлі талдау; жұмыстың қаржылық және басқарушылық тиімділігін (мынадай негізгі қызмет түрлері шеңберінде: басқару консалтингі, әкімшілік-кадрлық консалтинг, қаржылық консалтинг, ІТ-консалтинг, заң консалтингі, мамандандырылған консалтинг, қорғаныс саласындағы консалтинг, техникалық консалтингтік қызметтер) арттыру үшін одан әрі іс-қимылды түзеу бойынша тиімді ұсынымдар әзірлеу бойынша консалтингтік қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар




 

 

";


 

мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:  




 

157

Форумдар, семинарлар, конференциялар өткізуге арналған қызметтерге ақы төлеу

Форумдар, семинарлар, конференциялар өткізуге арналған қызметтерге ақы төлеу.




 




 

158

Имидждік іс-шараларға арналған қызметтерге ақы төлеу

Мемлекеттік органның имиджін арттыруға байланысты имидждік іс-шараларға арналған қызметтерге ақы төлеу, мысалы: брошюралар, бейнероликтер дайындау және т.б.




 

 

";


 




 

159

Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу

Осы ерекшелiк бойынша 151-156 ерекшелiктерде көрсетiлмейтін, заңды және жеке тұлғалар көрсететін қызметтерге, жұмыстарға ақы төлеу жөніндегі шығындар көрсетiледi, оның ішінде:

ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды, көлiк және басқа да негiзгi құралдарды ұстау, қызмет көрсету жөнiндегi қызметтер;

республикалық немесе коммуналдық меншiкте тұрған ғимараттар мен үй-жайларды, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және кәрiз жүйесiн ағымдағы жөндеу, сондай-ақ жабдықтарды, көлік және басқа негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу.

Заңды және жеке тұлғалар көрсететін қызметтердің, жұмыстардың құнына тауарларды, материалдарды сатып алу кіретін жағдайларды қоспағанда, ғимараттарды, үй-жайларды, көлік және басқа да негізгі құралдарға қызмет көрсету және ұстау және оларды ағымдағы жөндеу үшін қажетті тауарларды, материалдарды сатып алу 149 "Басқа қорларды сатып алу" ерекшелігі бойынша көрсетіледі. Бұл жағдайларда тауарларды, материалдарды сатып алу 159 "Басқа қызметтерді сатып алу" ерекшелігі бойынша жүзеге асырылады.

Бұдан басқа, осы ерекшелік бойынша жоғары білімді төлеу жөніндегі білім беру гранты, "Назарбаев Зияткерлiк мектептерi" мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшiн Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының "Өркен" бiлiм беру гранты беріледі.

Осы ерекшелік бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген төлеуге жататын заңды және жеке тұлғалар көрсететін қызметтерге, жұмыстарға сомалардан ұсталымдарды аудару қызметіне ақы төлеу шығыстары асырылады.




 

 

"


 

деген жол мынандай редакцияда жазылсын:




 

159

Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу

Осы ерекшелiк бойынша 151-158 ерекшелiктерде көрсетiлмейтін, заңды және жеке тұлғалар көрсететін қызметтерге, жұмыстарға ақы төлеу жөніндегі шығындар көрсетiледi, оның ішінде:

ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды, көлiк және басқа да негiзгi құралдарды ұстау, қызмет көрсету жөнiндегi қызметтер;

республикалық немесе коммуналдық меншiкте тұрған ғимараттар мен үй-жайларды, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және кәрiз жүйесiн ағымдағы жөндеу, сондай-ақ жабдықтарды, көлік және басқа негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу.

Заңды және жеке тұлғалар көрсететін қызметтердің, жұмыстардың құнына тауарларды, материалдарды сатып алу кіретін жағдайларды қоспағанда, ғимараттарды, үй-жайларды, көлік және басқа да негізгі құралдарға қызмет көрсету және ұстау және оларды ағымдағы жөндеу үшін қажетті тауарларды, материалдарды сатып алу 149 "Басқа қорларды сатып алу" ерекшелігі бойынша көрсетіледі. Бұл жағдайларда тауарларды, материалдарды сатып алу 159 "Басқа қызметтерді сатып алу" ерекшелігі бойынша жүзеге асырылады.

Бұл ерекшелiк бойынша үй-жайларды, ғимараттарды жалға алғаны үшiн төлемақы көрсетiледi. Жалға алынған үй-жайды, ғимаратты ұстауға, коммуналдық қызметтерге арналған шығындар, электр энергиясына, жылуға арналған шығындар тиiстi ерекшелiктер бойынша жiктеледi.

Бұл ерекшелiк бойынша бағалаушылардың қызметтеріне ақы төлеу көрсетіледі.

Бұдан басқа, осы ерекшелік бойынша жоғары білімді төлеу жөніндегі білім беру гранты, "Назарбаев Зияткерлiк мектептерi" мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшiн Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының "Өркен" бiлiм беру гранты беріледі.

Осы ерекшелік бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген төлеуге жататын заңды және жеке тұлғалар көрсететін қызметтерге, жұмыстарға сомалардан ұсталымдарды аудару қызметіне ақы төлеу шығыстары асырылады.




 

 

".


 

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.  
 Қазақстан Республикасы  Қаржы Министрдің міндетін атқарушы Б. Шолпанкулов
Полная версия
ИС BestProfi