Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 12 қаулысы
Редакция 17.07.2023 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қоса берілген өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағының 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін елуінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы «18 қаңтардағы»
№ 12 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 559 Қаулысымен (18.01.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 559 Қаулысымен (18.01.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 559 Қаулысымен (18.01.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 65, 428-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарда:
бүкіл мәтін бойынша «локальдық желі», «локальдық желінің», «оқшау желі», «оқшау желісінің» деген сөздер тиісінше «жергілікті желі», «жергілікті желінің», «жергілікті желісінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның құрылымына кіретін ұйымдар интернет-ресурстарды, «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерімен интеграцияланбайтын ақпараттық жүйелерді, жергілікті желілерді және телекоммуникациялар желілерін құру немесе дамыту, пайдалану бойынша жұмыстарды жүзеге асырған кезде, сондай-ақ ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізген кезде туындайтын қатынастарға;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларға жатқызылған қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерге, сондай-ақ арнайы мақсаттағы телекоммуникациялар және/немесе президенттік, үкіметтік, құпияландырылған, шифрланған және кодталған байланыс желілеріне;
3) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерімен интеграцияланбайтын ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын ақпараттық жүйелерді құру немесе дамыту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырған кезде туындайтын қатынастарға;
4) осындай ережелерді орындау «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының 50-бабының 4-тармағын бұзуға әкеп соғатын жағдайларда ұйымдарда қолданылмайды.»;
Полная версия
ИС BestProfi