Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.05.2025
«Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 46 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 қаңтарда № 22127 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 17 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 29.04.2025 жылғы № 209 Бұйрығына сәйкес 
1. «Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізiлсiн:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларында:
1) мемлекеттік органдардың Бюджет кодекстің 65-1-бабының үшінші бөлігіне сәйкес лимиттері айқындалған ағымдағы әкімшілік шығыстарын қоспағанда, мәлімделген қаржыландырудың бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпалын сипаттай отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң әрбiр бюджеттiк бағдарламасы бойынша шығыстардың түрлерi бойынша есептеулерді;
2) мәлімделген қаржыландырудың бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпалын сипаттай отырып, жергілікті бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң әрбiр бюджеттiк бағдарламасы бойынша шығыстардың түрлерi бойынша есептеулерді;
3) байланысты гранттар сомасын жұмсалу бағыттары бойынша мiндеттi түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты гранттар туралы ақпаратты;
4) ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты емес гранттар туралы ақпаратты;
5) мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының болжамын;
6) ағымдағы қаржы жылының бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша нысаналы даму трансферттерін қоса алғанда, бюджеттік инвестициялық жобалар мониторингінің қорытындылары жөніндегі есепті;
8) бюджеттiк бағдарламалардың жиынтық тiзбесiн және базалық шығыстар мен жаңа бастамалар шығыстардың қамтитын ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары бойынша шығыстардың жиынтық кестесiн;
9) орталық мемлекеттiк органдардың, оның ведомстволарының, аумақтық органдарының, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң, оның iшiнде орталық аппараттың құрылымдық бөлiмшелерiнiң, ведомстволарының және олардың аумақтық органдарының ағымдағы жылға бекiтiлген штат кестесiн және жоспарлы кезеңге арналған штат кестесiнiң жобасын; тиiстi жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың және олар өзгерген жағдайда оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң штат кестесін;
10) мемлекеттік органдарға шетелдік жұмыскерлерді тарту мәселелерін қарастыру жөніндегі уәкілетті комиссияның шешімі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына тартылған шетелдік жұмыскерлермен жасалған еңбек шарттары;
11) республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiне нысаналы даму трансферттер бөлiнген жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен келiсiлген нысаналы трансферттер бойынша бюджет бағдарламалар жобаларын, бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті;
12) облыстық бюджеттен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерiне нысаналы даму трансферттері, оның ішінде облыстық бюджеттерге бөлiнетiн және одан әрi ауданның бюджеттерiне бөлуге жататын республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері бөлiнген жағдайда, ауданның жергiлiктi атқарушы органдарымен келiсiлген нысаналы трансферттер бойынша бюджеттік бағдарламалар жобаларын, бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) сәйкес нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті;
13) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерiне нысаналы даму трансферттері, оның ішінде облыстық, аудандық бюджеттерге бөлiнетiн және одан әрi аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерiне бөлуге жататын республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері бөлiнген жағдайда, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратымен келiсiлген нысаналы трансферттер бойынша бюджет бағдарламалар жобаларын, бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті;
14) егер бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеудi немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi ұсынған жағдайда қосымша шығыстарды немесе бюджет түсiмдерiн қысқартуды талап ететiн тиiстi нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын;
15) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң заң жобаларын әзiрлеу орындылығы мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Заң жобалау жұмысының перспективалық жоспарына сәйкес болуы туралы қорытындыны;
16) тиiстi сараптамалардың қорытындылары бар инвестициялық ұсыныстарды;
17) техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, құрылысқа жобалау алды (техникалық-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік инвестициялық жоба бойынша экономикалық оң қорытындысын;
18) жобаны іске асырудың бірінші жылының шығыстарын жоспарлау үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына берілетін қорытындының немесе жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспардың және тиісті бюджет комиссиясының оң шешімін, жобаны іске асырудың кейінгі жылдарының шығыстарын жоспарлау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қол қойылған және тіркелген мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын;
19) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 129 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13282 болып тіркелді) Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларында белгіленген тәртіппен ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының қаржылай қамтамасыз етілуін айқындау бөлігінде осы жобалардың тізбесінің жобасына бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысы және 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына шығыстарды жоспарлау кезінде ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді жобалауға арналған тапсырма;
20) жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жоспарлаған жағдайда заңды тұлғалардың стратегиялық даму құжаттарын;
21) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржыландыру көздерін (бюджеттік, қарызға алынған, меншікті, және басқа) көрсетумен іске асырылып жатқан және іске асырылуы жоспарланған инвестициялық жобалары туралы ақпаратты;
22) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін, ол бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң экономикалық қорытындысын;
23) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелді) бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларына 18-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша іске асырылған, іске асырылатын және іске асырылуы жоспарланған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің инвестициялық жобалары бойынша ақпарат;
24) республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi ұсынатын тақырыптар бойынша зерттеулер жүргiзудің орындылығын қарау жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның қорытындысын;
25) республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi ұсынатын тақырыптар бойынша ғылыми зерттеулердiң мемлекеттiк ғылыми және ғылыми-техникалық сараптамасының қорытындысын;
26) мемлекеттік органдардың тақырыптық зерттеулері мен бірлескен зерттеулердің негізділігі мен тиімділігі бойынша салалық мемлекеттік органдардың қорытындылары;
27) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк кредиттеу арқылы iске асыруға ұсынып отырған бюджеттiк бағдарламалар бойынша бюджеттiк кредиттеудiң орындылығы туралы мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның қорытындысын;
28) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға шығыстарды жоспарлау кезінде ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органның қорытындысы;
29) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi штат санын ұлғайтуға Мемлекет басшысының не оның уәкілеттік беруімен Республика Президенті Әкімшілігінің келісімін растайтын құжатты;
30) жекелеген мемлекеттiк қызметтердi көрсетуге, бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттiк тапсырма мен Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және монополияға қарсы органның оң қорытындылары нысанында мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) мемлекеттiң әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да міндеттерді орындауға арналған ұсыныстарды;
31) нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстарды жоспарлау кезiнде дербес бiлiм беру ұйымдарының қамқорлық кеңестерiнiң шешiмдерiн;
32) осы Қағидаларға 50-3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша форум, семинар және конференциялар өткізуге арналған паспорт;
33) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар сұрататын басқа да қажетті ақпаратты қамтиды.»;
мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:
«36-1. 03-159 нысаны (47-1-қосымша) үй-жайларды жалға алуға ақы төлеу үшін шығыстарды есептеуге арналған. Жоспарланатын шығыстарды негіздеу үшін Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңымен белгіленген тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорын ескере отырып, ағымдағы қаржы жылына үй-жайлар мен ғимараттарды жалдау туралы шарттардың көшiрмелерi ұсынылады.»;
41-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 133, 154, 155, 156, 157, 158, 163, 164, 165, 166, 167, 211, 212, 221, 321, 322, 323, 331, 332, 339, 341, 351, 359, 411, 412, 417, 418, 419, 421, 422, 423, 429, 431, 432, 433, 434, 435, 441, 451, 511, 512, 513, 514, 519, 521, 531, 541, 611, 612, 621, 711, 712, 713, 714, 715, 721 және 722 ерекшелiктерi бойынша жоспарланатын шығыстардың түрлері жөніндегі есептеулер еркiн нысанда жасалады.»;
осы бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес 47-1 қосымшамен толықтырылсын;
осы бұйрыққа 2 қосымшаға сәйкес 50-3-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Е. Жамаубаев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 25 қаңтардағы № 46
бұйрығына 1 қосымша
Бюджеттiк өтiнiмдi
жасау және ұсыну
қағидаларына 47-1-қосымша
3-159-нысан
Үй-жайды жалдауға төлеуге арналған шығыстарды есептеу
Деректер түрi (болжам, жоспар, есеп) _______________________
Функционалдық топ ______________________________________
Бағдарламалардың әкiмшiсi ________________________________
Мемлекеттiк мекеме ______________________________________

Үй-жайдың атауы

Жалға берiлетiн алаң

1 айға шаршы метр үшiн жалгерлiк төлем теңге

Бiр айдағы жалгерлiк төлем 2-баған х 3-баған теңге

Айлар саны

Шығындар сомасы (4-баған х 5-баған)/1000 мың теңге

1

2

3

4

5

6

Жиыны


 


 


 


 


 

Орталық атқарушы органның аппарат басшысы/ мемлекеттiк мекеме басшысы 
______________________________________________ 
(қолы) (аты-жөні)
Бюджеттік бағдарлама басшысы 
______________________________________________ 
(қолы) (аты-жөні)
Бас бухгалтер/қаржы- экономикалық бөлімінің бастығы 
_______________________________________________
(қолы) (аты-жөні)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 25 қаңтардағы № 46
бұйрығына 2 қосымша
Бюджеттiк өтiнiмдi
жасау және ұсыну
қағидаларына
50-3-қосымша
Форум, семинар және конференциялар өткізу паспорты

Атауы


 

1.

Мемлекеттік орган/ мемлекеттік кәсіпорын


 

2.

Форумдар/семинарлар/конференциялар атауы


 

3.

Форумдар/семинарлар/ конференциялар өткізуіне арналған шығыстар, мың теңге


 


 

Бағдарламалар


 


 

Кіші бағдарламалар


 

4.

Стратегиялық мақсат (Стратегиялық жоспарға сәйкес)


 

5.

Форумдардың/семинарлардың/конференциялардың мақсаты


 

6.

Қорытынды көрсеткіштер


 

7.

Практикалық маңыздылығы


 

Орталық атқарушы органның аппарат басшысы/
мемлекеттiк мекеме басшысы 
_______________________________________________ 
(қолы) (аты-жөні)
Бюджеттік бағдарлама басшысы 
_____________________________________________
(қолы) (аты-жөні)
Бас бухгалтер/қаржы-
экономикалық бөлімінің бастығы 
____________________________________________ 
(қолы) (аты-жөні)
Паспорт әрбір форумға, семинарға, конференцияға жеке жасалады.
Семинар — оқушылар (студенттер, стажерлар) оқытушының жетекшілігімен оқу немесе ғылыми зерттеулердің нәтежелері бойынша орындаған хабарламаларды, баяндамалар мен рефераттарды талқылайтын практикалық оқу сабақтарының бір түрі;
Форум — жаһандық проблемаларды жеткілікті дәрежеде белгілеу немесе шешу үшін өткізілетін іс-шара. Бұл ұғым саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни, экологиялық және қазіргі қоғам өмірінің басқа да көптеген салаларында кездеседі;
Конференция — қандайда бір мәселелерді талқылау және шешу үшін қандайда бір мемлекеттер, партия, қоғамдық, ғылыми және тағы басқа ұйымдар өкілдерінің жиналысы. Әлем жақтастарының халықаралық конференциясы. Партия конференциясы. Мұғалімдер концеренциясы;
Жұмыстың практикалық маңыздылығы іс жүзінде міндеттерді шешу үшін нәтежелерді қолдану мүмкіндігі болып табылады.
Полная версия
ИС BestProfi