Близость слов: Окончание:





Қашықтықтан медициналық қызметтерді ұйымдастыру, ұсыну және ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № ҚР ДСМ-12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 ақпанда № 22151 болып тіркелді
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 129-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған қашықтықтан медициналық қызметтерді ұйымдастыру, ұсыну және ақы төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалу туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, иновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2021 жылғы 1 ақпандағы
№ ҚР ДСМ-12 Бұйрыққа
қосымша
Қашықтықтан медициналық қызметтерді ұйымдастыру, ұсыну және ақы төлеу ережелері
1. Осы қашықтықтан медициналық қызметтерді ұйымдастыру, ұсыну және ақы төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 129-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және қашықтықтан медициналық қызметтерді ұйымдастыру, ұсыну және ақы төлеу тәртібін айқындайды:
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – аппараттық-бағдарламалық кешенді және телекоммуникация желісін қолдана отырып жүзеге асырылатын электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу әдістерінің және ақпараттық өзара іс-қимыл әдістерінің жиынтығы;
2) ақпараттандыру объектілері – электрондық ақпараттық ресурстар, бағдарламалық қамтылым, интернет-ресурс және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;
3) бейінді маман - жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Полная версия
ИС BestProfi