Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.09.2023
Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 47 қаулысы
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.07.2022 жылғы № 499 Қаулысына сәйкес (09.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулы 2023 жылғы 12 қыркүйектен бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2023 жылғы № 731 Қаулысына сәйкес
Редакция 10.04.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.07.2022 жылғы № 499 Қаулысына сәйкес (09.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.07.2022 жылғы № 499 Қаулысына сәйкес (09.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 9 ақпандағы
№ 47 қаулысымен
бекітілген
Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары
Осы Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.07.2022 жылғы № 499 Қаулысына сәйкес (09.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК), қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.07.2022 жылғы № 499 Қаулысына сәйкес (09.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.07.2022 жылғы № 499 Қаулысымен (09.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.03.2023 жылғы № 231 Қаулысына сәйкес (18.07.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) аукцион – сатып алудың автоматты веб-порталы арқылы автоматты түрде ең төменгі баға бойынша сатып алу жеңімпазын айқындау мақсатында бір лот бойынша бәсекелес болып табылатын әлеуетті өнім берушілердің бағаларын салыстыру;
2) әлеуетті өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға не осы Қағидаларға сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау бойынша ұзақ мерзімді шарт және (немесе) шарт жасасуға үміткер заңды тұлға;
3) әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасы – шешiмдерді айқындауға және (немесе) әлеуеттi өнiм берушi қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде жазбаша нысанда жасалған мәмiлеге байланысты тікелей және (немесе) жанама ықпал етуге құқығы бар жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты осы әлеуеттi өнiм берушiнiң осындай құқығы болатын жеке немесе заңды тұлға;
4) баға ұсынысы – уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша әлеуетті өнім беруші ұсынған, сақтаудың температуралық режимі бөлінісінде айына бір паллета-орынның, автокөліктің жүк көтергіштігі санатына қарай бір километр үшін жүк автокөлігімен тасымалдаудың тиеу-түсіру жұмыстары үшін 1 (бір) норма-сағаттың, тауарды сақтандырудың бағаларын қамтитын коммерциялық ұсыныс;
5) бәсекелес лот – екі және одан көп әлеуетті өнім беруші қатысатын лот;
6) бәсекелес емес лот – бір ғана әлеуетті өнім беруші қатысатын лот;
7) бөлу орталығы – Астана, Алматы, Ақтөбе немесе Шымкент қалаларының немесе олардың агломерацияларының аумағындағы қызмет көрсетілетін өңірлерде тауарды қабылдау, сақтау, бөлу, тасымалдау үшін пайдаланылатын және сонымен қатар өзі орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында операциялық қойма функциясын орындайтын дәріханалық қойма;
8) бірыңғай дистрибьютор – Кодекстің 247-бабына сәйкес қызметін ТМККК және (немесе) МӘМС шеңберінде жүзеге асыратын заңды тұлға;
Полная версия
ИС BestProfi