БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025
«Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 19 ақпандағы № 127 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 ақпанда № 22245 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес
1. «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 15594 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 8 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларында:
«8. Жартыжылдық қаржылық есептілік ағымдағы қаржы жылының 30 маусымындағы жағдай бойынша 1 қаңтардан бастап 30 маусымға дейінгі күнтiзбелiк кезеңге жасалады.
Жылдық қаржылық есептілік есепті қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі күнтiзбелiк кезеңге жасалады.»;
«11. Жартыжылдық және жылдық қаржылық есептіліктерге мемлекеттік мекеменің басшысы немесе оның уәкілетті адамы, бас бухгалтері немесе мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік есепті жүргізілуді қамтамасыз ететін бөлімшені басқаратын тұлға қол қояды.
Басшы немесе оның уәкілетті адамы мен бас бухгалтердiң немесе бухгалтерлік есепті жүргізуді қамтамасыз ететін бөлімшені басқаратын тұлға қолдарымен бір қатарда мiндеттi түрде қойылған қол таратып жазылған болуы тиіс (тегі, аты- жөні).»;
«7010 «Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар», 7020 «Стипендиялар төлеу бойынша шығыстар», 7030 «Қосымша белгіленген зейнетақы жарналарына арналған шығыстар», 7040 «Әлеуметтік салыққа арналған шығыстар», 7050 «Міндетті сақтандыруға арналған шығыстар», 7060 «Қорлар бойынша шығыстар», 7070 «Іссапарларға арналған шығыстар», 7080 «Коммуналдық төлемдер мен өзге қызметтер бойынша шығыстар», 7090 «Ағымдағы жөндеуге арналған шығыстар», 7110 «Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар», 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар», 7130 «Жал бойынша шығыстар», 7140 «Өзге операциялық шығыстар», 7150 «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған шығыстар», 7210 «Трансферттер бойынша шығыстар», 7220 «Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу бойынша шығыстар», 7230 «Субсидиялар бойынша шығыстар», 7240 «Жалпы сипаттағы трансферттер бойынша шығыстар», 7250 «Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттері бойынша шығыстар», 7260 «Бюджетке түсетін түсімдерді азайту жөніндегі шығыстар», 7270 «Басқа да трансферттер бойынша шығыстар», 7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар», 7320 «Активтерді басқару бойынша өзге шығыстар», 7330 «Мемлекеттік-женкешелік әріптестік бойынша шығыстар», 7410 «Әділ құнының өзгеруі бойынша шығыстар», 7420 «Ұзақ мерзімді активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар», 7430 «Бағамдық айырма бойынша шығыстар», 7440 «Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар», 7450 «Резервтерді құру бойынша шығыстар», 7460 «Өзге шығыстар», 7470 «Республикалық және жергілікті бюджеттердің ҚБШ-лары бойынша шығыстар», 7480 «Бағалы қағаздарды орналастырудан шығыстар», 7490 «Қорлардың шығыстары» шоттарының кредитінен есептен шығарылады;»;
«221 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» (3270 шоты) жолы бойынша уақытша орналастыратын ақшалар бойынша қызметкер жұмыстан босаған, степиндианттың оқу мерзімі аяқталған, атқару құжаттың пайдалану мерзімі аяқталған немесе мерзімі бір жылға дейінгі басқа да құжаттарға байланысты, қолма–қол тиындарды ақша айналымынан алу себептері бойынша жағдайларда төленбеген немесе артығымен төленген тиындар сомасы, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан өтемақы төлемдері бойынша берешек және өзге де кредиторлық берешек көрсетіледі.»;
«031 «Сыйақылар» (6210 шоты) жолы бойынша берілген қарыздар, қаржылық жалдау және қысқа мерзімді қаржылық салымдар бойынша сыйақылардан түскен кірістер сомасы көрсетіледі.»;
«040 «Өзге кірістер» (6330, 6350, 6360 және 6370 шоттары) жолы бойынша активтерді, үшінші тараптардан өтемақыларды (бұрын танылған активтердің құнсыздануынан түскен залалдар) түскен кірістер, Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерден алынатын кірістер және өзге операциялардан алынған кірістер көрсетіледі.»;
Полная версия

