Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025
«Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 158 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 наурызда № 22278 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес 
1. «Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 14 қыркүйекте № 370-371 (26214) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларында:
«1088 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар».»;
66-тармақтың екінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1088 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 6086 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландырудан түсетін кірістер» қосалқы шотының кредиті.»;
«3040 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер»;»;
«4040 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелер».»;
«88-1. Квазимемлекеттік сектор субъектілерін түзуге немесе толықтыруға бюджеттік бағдарламалар әкімшісі берген негізгі қаражатты бухгалтерлік есепте көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік мүлікті иелену бойынша уәкілетті органның шешімдері негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баланстық құны бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерін (мемлекеттік кәсіпорындарды) түзуге немесе толықтыруға негізгі қаражатты беру кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мынадай жазба жүргізеді:
2120 «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» шотының дебеті 2300 «Негізгі құралдар» кіші бөлімі шоттарының кредиті;
2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» қосалқы шотының дебеті және 2300 «Негізгі құралдар» шоттарының кредиті.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (мемлекеттік кәсіпорындардың) жарғылық капиталына қаржылық инвестициялар негізгі қаражатты қайтару жолымен азайған жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қабылдау-беру актісінің негізінде шоттардың кері корреспонденциясымен жүргізеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» (бұдан әрі – бағалау қызметі) Заңына сәйкес бағалаушы жүргізген берілетін негізгі құралдарды бағалау нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алуға ақы төлеу үшін негізгі құралдарды беру кезінде жазбалар жүргізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi