БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025
«Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 157 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 наурызда № 22279 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес
1. «Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14624 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 10 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларын бекіту туралы қағидаларында:
«элиминирлеу – бюджеттік бағдарламалар әкімшісі және оның ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері арасындағы немесе бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер арасындағы, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасындағы бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен бюджет кірістерінің есебін жүргізетін уәкілетті орган арасында, өзара операциялар бойынша тең соманы, сондай-ақ жоғары тұрған және төмен тұрған бюджеттердi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар арасындағы операцияларды алып тастау.»;
«12. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жартыжылдық және жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi бюджеттi атқару жөніндегі тиiстi жергiлiктi уәкiлеттi органға және жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi ішкі мемлекеттiк аудит жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ұсынады.
Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жартыжылдық және жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi ведомствоға ұсынады.
Бюджет Кодексінің 83-бабына сәйкес қаржыландырудың ерекше тәртібі айқындалған республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік құпиялар мәселелерін реттейтін актілерінде белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынады.
Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган келіскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне ұсынады.
Есептiлiктi ұсыну үшiн белгiленген мерзiм демалыс (жұмыс iстемейтiн) күнмен сәйкес келген жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептiлiк одан кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi ұсынылады.
Ұсынылған шоғырландырылған қаржылық есептiлiк белгіленген нысандарға сәйкес келмеген кезде ведомство пысықтауға қайтарады.
Ведомство республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің шоғырландырылған қаржылық есептiлiгі негізінде республикалық бюджеттің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдарының шоғырландырылған қаржылық есептiлiгi негізінде – жергілікті бюджеттер бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды.
Жергілікті бюджеттер бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілік талдамалық мақсаттарда және мемлекеттік бюджет бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру мақсатында қалыптастырылады.
Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 83-бабына сәйкес қаржыландырудың ерекше тәртібі айқындалған мемлекеттік органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілігінің активтері мен міндеттемелері бойынша деректер ескерілмей жасалады.
Ведомство және жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган талдамалық мақсаттарда осы Қағидалардың 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша ағымдағы қаржы жылының 30 маусымдағы жағдай бойынша жартыжылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды.
13. Бюджеттiк бағдарламалар әкімшісінің және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкiлеттi органның шоғырландырылған қаржылық есептілігіне бірінші қол қою құқығына осы органның басшысы немесе оның орнындағы тұлға, екінші қол қою құқығына – бас бухгалтер немесе қаржылық есептілікті шоғырландыруды қамтамасыз ететін бөлімшені басқаратын тұлға ие.
Ақпараттық жүйе арқылы есептілікті ұсынатын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қоспағанда, есептілікте бірінші және екінші қол қою құқығы туралы бұйрықтың көшірмесі бюджеттік есептілікке қоса беріледі.
Полная версия

