Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 наурызда № 22394 болып тіркелді
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.11.2022 жылғы № 473 Бұйрығына сәйкес (23.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 01.03.2022 жылғы № 81 Бұйрығымен (25.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.05.2022 жылғы № 172 Бұйрығына сәйкес (01.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.06.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.11.2022 жылғы № 473 Бұйрығына сәйкес (23.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.11.2022 жылғы № 473 Бұйрығына сәйкес (23.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)
5) «Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар жұмыскерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) «Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
8-тармақша алынып тасталды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025 жылғы № 36 Бұйрығына сәйкес (03.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 8-1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
10) «Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтару» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 8-2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
1-тармақ 10-тармақшамен толықтырылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.04.2024 жылғы № 91 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 21.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
2-1) Осы бұйрыққа өзгерістер (және) немесе толықтырулар енгізу кезінде, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жіберуді;
3-тармақ 2-1-тармақшамен толықтырылсын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.11.2022 жылғы № 473 Бұйрығына сәйкес
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.