БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 13.05.2025
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 289 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 сәуірде № 22453 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
100 «Бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік бюджеттің атқарылуын орындау мен бақылау және экономикалық және қаржылық қылмыстар мен бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл саласында уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік кіші бағдарламалары бар 001 «Бюджеттік жоспарлауды, орындалуын және мемлекеттік бюджеттің атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету және экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«001 Бюджеттік жоспарлауды, орындалуын және мемлекеттік бюджеттің атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер
100 Бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік бюджеттің атқарылуын орындау мен бақылау саласында уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»;
458 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 048 бюджеттік кіші бағдарламаласымен толықтырылсын:
«048 Республикалық бюджеттен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа берілетін субвенциялар есебінен»;
113 «Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 053 бюджеттік кіші бағдарламаласымен толықтырылсын:
«053 Республикалық бюджеттен көлік және коммуникацияға берілетін субвенциялар есебінен»;
492 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» және 495 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:
113 «Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
Полная версия

