Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініштің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 273 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 наурызда № 22434 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 29.02.2024 жылғы № 115 Бұйрығына сәйкес (30.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 09.10.2025 жылғы № 586 Бұйрығына сәйкес
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 351-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 29.02.2024 жылғы № 115 Бұйрығына сәйкес (30.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініштің қоса беріліп отырған нысаны бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 29.02.2024 жылғы № 115 Бұйрығына сәйкес (30.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Нысан жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 29.02.2024 жылғы № 115 Бұйрығына сәйкес (30.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемі кезінде жеке табыс салығын (бұдан әрі – ЖТС) ұстауды және аударуды жүзеге асыруды сұраймын (керегін белгілеу):
зейнет жасына жеткен кезде «БЖЗҚ» АҚ белгілеген зейнетақы төлемдері кестесіне сәйкес ай сайын он алты жылдан аспайтын мерзімге тең үлестермен
біржолғы зейнетақы төлеу кезінде толық көлемде
Артық ұсталған ЖТС есептеу, ұстау және (немесе) қайтару мәселесі бойынша «БЖЗҚ»
АҚ-ға 1418 нөмірі (Қазақстан аумағында қоңырау шалу тегін) арқылы не www.enpf.kz корпоративтік сайтында көрсетілген «БЖЗҚ» АҚ офистерінің мекенжайлары мен байланыс деректері арқылы хабарласу керек екенінен хабардармын.
Байланыс деректері:
ұялы нөмірі:
электрондық мекенжайы:
№
күні
(күн, ай, жыл)
жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылды