Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін кадрларды даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021 – 2022, 2022 – 2023, 2023 – 2024 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 253 қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2022 жылғы № 1138 Қаулысына сәйкес (11.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулы 2023 жылғы 29 тамыздан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.08.2023 жылғы № 690 Қаулысына сәйкес
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2022 жылғы № 1138 Қаулысына сәйкес (11.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2022 жылғы № 1138 Қаулысына сәйкес (11.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 2021 – 2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021 – 2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021 – 2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 2022 – 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2022 – 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2022 – 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 2023 – 2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2023 – 2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2023 – 2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. ҚазақстанРеспубликасының Білім және ғылым министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2021 жылғы
20 сәуірдегі № 253
қаулысына 1-қосымша
Жоғары оң жақ бұрыш жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2022 жылғы № 1138 Қаулысына сәйкес (11.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2021 – 2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Білім беру тапсырысы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.07.2021 жылғы № 493 Қаулысына сәйкес (20.04.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Білім беру тапсырысы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.12.2021 жылғы № 894 Қаулысына сәйкес (16.07.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)