ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығы
Редакция 01.10.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) Президенттік жастар кадр резервін (бұдан әрі – Резерв) қалыптастыру мақсатында құрылады.
2. Ұлттық комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және осы ережені басшылыққа алады.
2. Ұлттық комиссияның міндеттері
3. Ұлттық комиссияның міндеттері:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 31.12.2022 жылғы № 77 Жарлығына сәйкес (18.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 22.12.2023 жылғы № 418 Жарлығы сәйкес (13.09.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Резервті қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалпы үйлестіру;
2) Резервке алу, Резервтен шығару туралы мəселелерді шешу;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Резервті қалыптастыру мәселелері жөніндегі тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
Полная версия

