Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 11.08.2023
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 мамырдағы № 340 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 11 тамыздан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.07.2023 жылғы № 620 Қаулысына сәйкес
1. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Комиссия уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органдардың өкілдерінен, ғалымдардан, шығармашыл қызметкерлерден, қоғам қайраткерлерінен, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінен, Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдардан құрылады.»;
«2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алуға арналған тіркеу өтінімі;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) банктік шоттың болуы туралы анықтаманың көшірмесі;»;
«15. Сыйлыққа ие болған адамдарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы тапсырылады.»;
«Уәкілетті орган тиісті жылдың жиырмасыншы желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде ақшалай сыйлықақыны сыйлық лауреатының банктік шотына аударады.»;
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы «22 мамырдағы» № 340 қаулысына қосымша
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларына қосымша
Нысан
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алуға арналған тіркеу өтінімі
1. Тегі _________________________________________________________________ Аты _________________________________________________________________ Әкесінің аты (бар болса)_________________________________________________ 2. Туған күні____________________________________________________________ 3. Ұсынушы ұйымдардың толық атауы _____________________________________ ______________________________________________________________________ 4. Номинация __________________________________________________________ 5. Білімі _______________________________________________________________ ______________________________________________________________________ 6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (бар болса) ______________________________ 7. Ағымдағы қызметі (кандидаттың жұмыс орны, лауазымы/оқу орны)___________ ________________________________________________________________________ ___________________________________________________ 8. Жұмыс өтілі (жұмыс істейтін азаматтарға) ________________________________ 9. Тұрғылықты мекенжайы ______________________________________________ 10. Байланыс телефоны __________________________________________________ 11. Электрондық пошта __________________________________________________ «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларының 9-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі: 1. 2.
Ұйым басшысы __________________ ______________________ (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөр қою орны (бар болса)
20__ жылғы «___»_________ _______________________
Полная версия