Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.09.2023
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 143 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 27.09.2023 жылғы № 385-НҚ Бұйрығына сәйкес  
Редакция 15.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-бабының 2-2-тармағына және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 195 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 15.05.2023 жылғы № 126 Бұйрығына сәйкес (25.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
 2021 жылғы 14 мамырдағы № 143
 бұйрығымен бекітілген
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану және кинематография салаларында ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы болып табылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 15.05.2023 жылғы № 126 Бұйрығына сәйкес (25.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 15.05.2023 жылғы № 126 Бұйрығына сәйкес (25.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)
4. Комитет азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Комитет егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық құқықтық қатынастардың тарапы ретінде қатынасуына құқығы бар.
6. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша Төрағаның немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Полная версия
ИС BestProfi