Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.05.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 506 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 мамырда № 22882 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес 
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
1-тармағының төртінші-жетінші абзацтары осы Бұйрығының 4-тармағына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 
05 «Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар» сыныбында:
1 «Қосылған құн салығы» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 16 ерекшелікпен толықтырылсын:
«16 Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру, жеке тұлғаларға электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде шетелдік компаниялардан түсетін қосылған құн салығы»;
04 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар», сыныбының 1 «Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» және 2 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің мұнай секторы ұйымдарына салатын айыппұлдары, өсімпұлдары, санкциялары, өндіріп алулары» кіші сыныбылардың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«04 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
1 Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
2 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің мұнай секторы ұйымдарына салатын айыппұлдары, өсімпұлдары, санкциялары, өндіріп алулары»;
66 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» ерекшелік алып тасталсын;
3 «Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер» санатында:
02 «Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату» сыныбында:
1 «Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату» кіші сыныбында:
Полная версия
ИС BestProfi