Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 43-1-бабының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Преамбула 01.07.2021 жылға дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезінде осы преамбула осы қаулының 3-тармағында жаңа редакцияда қолданылды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.10.2022 жылғы № 794 Қаулысына сәйкес (31.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Осы қаулының кіріспесі мен Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 1-тармағының қолданысы 2021 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұру кезеңінде Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының кіріспесі және Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Осы Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың қызметінде жобалық басқаруды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.».
1. Осы Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 43-1-бабының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетін қоспағанда, мемлекеттік органдардың қызметінде жобалық басқаруды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
1-тармақ 01.07.2021 жылға дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезінде осы преамбула осы қаулының 3-тармағында жаңа редакцияда қолданылды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.10.2022 жылғы № 794 Қаулысына сәйкес (31.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) акселерация тобы – жеделдетіп іске асыруды және ресурстарды жедел шоғырландыруды талап ететін жобалық персонал мен жобалардың мүдделі қатысушыларын үйлестіруді, консультациялық-әдіснамалық, ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қолдауды, оның ішінде мемлекеттік органның жобалық офисінің жалпыұлттық басымдықтарды іске асыру топтарымен, базалық бағыттарды іске асыру топтарымен, жобалар топтарының жетекшілерімен, жобалардың жетекшілерімен және қатысушыларымен аджайл әдіснамасы бойынша күнделікті скрам-кесте бойынша бірлескен жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның жобалық офисі қызметкерлерінің тобы;
2) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган – ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) ақпараттық табло – жалпыұлттық басымдықтар кураторларының, бағдарламалар жетекшілерінің, базалық бағыттар жетекшілерінің, жобалар топтары жетекшілерінің тиісті жобалау рөлдерін орындайтын басшыларға жедел ұсыну үшін жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде орналастырылатын электрондық құжат;
4) ахуалдық-талдамалық орталық – жалпыұлттық басымдықтардың жобаларын/бағдарламаларын/портфельдерін іске асыру мәртебесін айқындау, нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуді мониторингтеу және жалпыұлттық басымдықтардың жобаларын/бағдарламаларын/портфельдерін одан әрі іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында мемлекеттік органның жобалық офисі жанынан қалыптастырылатын ұйымдық құрылым;
5) бағдарлама – жобаларды және іс-шараларды (іс-қимылдарды) жеке-жеке басқару кезінде қол жетпейтін артықшылықтарды алу үшін басқарылуы үйлестірілетін, базалық бағыттарға топтастырылған, дәйекті түрде декомпозицияланатын жобалар топтарының, жобалардың және іс-шаралардың (іс-қимылдардың) жиынтығын білдіретін жалпыұлттық басымдық портфелінің құрамдауышы;
6) бағдарламаның базалық бағыты – салааралық, аяаралық, ведомствоаралық сипаттағы белгілер бойынша топтастырылған жобалар топтарының, жобалардың және іс-шаралардың (іс-қимылдардың) дәйекті декомпозицияланатын жиынтығын қамтитын бағдарлама құрамдауышы;