«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.09.2020 жылғы № 587 Қаулысына сәйкес (19.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 11.06.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.09.2020 жылғы № 587 Қаулысына сәйкес (19.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.05.2021 жылғы № 350 Қаулысына сәйкес (16.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 15 қазан аралығындағы кезеңде интернет желісі арқылы онлайн режимде;
2) 2021 жылғы 1 – 30 қазан аралығындағы кезеңде планшеттерді пайдалану арқылы өткізілсін.
2. Қоса беріліп отырған 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – жоспары) бекітілсін.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.09.2020 жылғы № 587 Қаулысына сәйкес (19.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне Жоспар іс-шараларының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.05.2021 жылғы № 350 Қаулысына сәйкес (16.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (келісу бойынша):
4-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.05.2021 жылғы № 350 Қаулысына сәйкес (16.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) есепті жылдан кейінгі 10 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспар іс-шараларының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін;
2) 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу үшін арнайы комиссия құрып, оған орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүктесін.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.09.2020 жылғы № 587 Қаулысына сәйкес (19.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысымен бекітілген
2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Жоспар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.09.2020 жылғы № 587 Қаулысына сәйкес (19.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Жоспар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.05.2021 жылғы № 350 Қаулысына сәйкес (16.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Р/с № |
Іс-шара |
Аяқталу нысаны |
Орындауға жауаптылар |
Орындалу мерзімі |
Қаржыландыру көлемі (мың теңге) |
Қаржыландыру көздері |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. |
2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу үшін арнайы комиссия құру |
Премьер-Министр өкімі |
СЖРА (келісу бойынша) |
2021 жылғы I – II тоқсандар |
- |
талап етілмейді |
2. |
2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесу жөнінде өңірлік комиссиялар құру |
әкімдердің өкімдері |
облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері |
2021 жылғы I – II тоқсандар |
- |
талап етілмейді |
3. |
Санақ парақтарына, 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу бойынша әдіснамалық құралдарға, сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл туралы бірлескен актілерге өзгерістер енгізу |
бұйрықтар |
СЖРА (келісу бойынша), Қорғанысмині, Қаржымині, ІІМ, ТЖМ, ҰҚК (келісу бойынша), СІМ, ДСМ, БҒМ, Еңбекмині, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері |
2021 жылғы I – II тоқсандар |
- |
талап етілмейді |
4. |
Әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесін және шекараларын нақтылау, көше атауларын, орам, үй және пәтер нөмірлерін ретке келтіру бойынша іс-шаралар өткізу, ПИК, ТҚК, басқарушы компаниялармен тұратын халық санын нақтылау бойынша жұмыстарды жүргізу |
СЖРА-ға ақпарат |
облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері |
2019 жылғы ІІІ – IV тоқсандар 2021 жылғы I – II тоқсандар |
бөлінген қаражат шегінде |
жергілікті бюджет |
5. |
Жабдықтарды, ұйымдастыру техникасын, портативтік-есептеу құрылғыларын (планшеттер), бағдарламалық өнімдерді сатып алу, бағдарламалық қамтылым (е-Статистика) модульдерін пысықтау және басқалары |
орындалған жұмыстар актісі |
СЖРА (келісу бойынша), Қаржымині, ЦДИАӨМ |
2019 жылғы ІІІ – IV тоқсандар |
002101 «Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде |
республикалық бюджет |
6. |
Картографиялық материалдарды (елді мекендердің карталарын және схемалық жоспарларын) дайындау, бекіту және СЖРА-ға ұсыну |
бекітілген картографиялық материалдар |
облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері, ЦДИАӨМ |
2020 жылғы І – ІІ тоқсандар 2021 жылғы I – II тоқсандар |
бөлінген қаражат шегінде |
жергілікті бюджет |
7. |
Картографиялық материалдарды (елді мекендердің карталарын және схемалық жоспарларын) тираждау |
картографиялық материалдар |
СЖРА (келісу бойынша) |
2020 жылғы І – ІІ тоқсандар 2021 жылғы II – III тоқсандар |
002101 «Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде |
республикалық бюджет |
8. |
Халық арасында 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу мақсаттары мен тәртібі туралы жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
роликтер, баннерлер, жарнама және басқалар |
СЖРА (келісу бойынша), АҚДМ, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері |
2020 жылғы ІІ тоқсан 2021 жылғы ІІ – IV тоқсандар |
002101 «Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде |
республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттер |
9. |
Санақ персоналын іріктеу және оқыту |
бұйрық |
СЖРА ҰСБ аумақтық бөлімшелері (келісу бойынша) |
2020 жылғы ІІ тоқсан 2021 жылғы ІІ – IV тоқсандар |
002101 «Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде |
республикалық бюджет |
10. |
Санақ персоналын үй-жайлармен қамтамасыз ету |
СЖРА-ға ақпарат |
облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері |
2020 жылғы ІІ тоқсан 2021 жылғы ІІ – IV тоқсандар |
002101 «Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде |
республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттер |
11. |
Елді мекендердегі тұрғынжайлар, тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) және тұрғын емес үй-жайлардың тізімін жасау |
СЖРА-ға ақпарат |
СЖРА ҰСБ аумақтық бөлімшелері (келісу бойынша), облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері |
2020 жылғы ІІ тоқсан 2021 жылғы ІІ – III тоқсандар |
002101 «Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде |
республикалық бюджет |
12. |
Санақ құралдарын (анықтамаларды, түсіндірмелерді, санақ персоналының куәліктерін және басқаларды) тираждау |
орындалған жұмыстар актісі |
СЖРА (келісу бойынша) |
2020 жылғы I – II тоқсандар |
002101 «Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде |
республикалық бюджет |
13. |
2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу бойынша күнтізбелік жоспарды әзірлеу және бекіту |
бұйрық |
СЖРА (келісу бойынша) |
2020 жылғы IV тоқсан |
- |
талап етілмейді |
14. |
2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық халық санағын өткізу бойынша ұйымдастыру жоспарларын әзірлеу, бекіту және келісу |
бұйрықтар |
СЖРА (келісу бойынша) |
2021 жылғы III тоқсан |
- |
талап етілмейді |
15. |
2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу, оның ішінде әскери бөлімдер аумақтарында және жабық әкімшілік-аумақтық бірліктерде тұратын әскери қызметшілер (олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда) мен азаматтық халық; бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқан және тергеу изоляторларында отырған адамдар; өзге де институционалдық бірліктерде емдеуде жүрген адамдар; қызметтік іссапармен немесе қызметтік міндеттерін орындауға байланысты оқуда және өзге де себептермен елден тыс жерлерде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары (олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда); әлеуметтік бейімделу немесе қамсыздандыру мекемелерінде тұратын және (немесе) орналасқан адамдар санағын жүргізу |
2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы дерекқорын қалыптастыру |
СЖРА (келісу бойынша), Қорғанысмині, Қаржымині, ІІМ, ТЖМ, ҰҚК (келісу бойынша), СІМ, ДСМ, БҒМ, Еңбекмині, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері |
2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 15 қазан аралығындағы кезеңде интернет желісі арқылы онлайн режимінде, 2021 жылғы 1 – 30 қазан аралығында планшеттерді пайдалану арқылы |
002101 «Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде |
республикалық бюджет |
16. |
2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағының дерекқорын өңдеу |
2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағының дерекқоры |
СЖРА (келісу бойынша) |
2021 жылғы IV тоқсан, 2022 жыл |
002101 «Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде |
республикалық бюджет |
17. |
2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы қорытындыларын жиынтық деректер түрінде қалыптастыру және жариялау |
қағаз және электрондық жеткізгіштердегі статистикалық жинақтар |
СЖРА (келісу бойынша) |
2022 жылғы ІІ тоқсан –2023 жылғы IV тоқсан |
002101 «Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде |
республикалық бюджет |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚДМ |
– |
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі; |
БҒМ |
– |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі; |
ДСМ |
– |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі; |
Еңбекмині |
– |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі; |
Қаржымині |
– |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі; |
Қорғанысмині |
– |
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi; |
СЖРА |
– |
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі |
СІМ |
– |
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі; |
ТЖМ |
– |
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі; |
ҰҚК |
– |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті; |
ҰСБ |
– |
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы; |
ЦДИАӨМ |
– |
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі; |
ІІМ |
– |
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі; |
ПИК |
– |
үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің кооперативі; |
ТҚК |
– |
тұрғын үй кооперативі (тұрғын үй-құрылыс кооперативі). |