Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.06.2024
«Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру жөніндегі қағидаларды және олар бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 337 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 маусымдағы № 197 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 маусымда № 23032 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2024 жылғы 10 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 21.05.2024 жылғы № 107 Бұйрығына сәйкес 
1. «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру жөніндегі қағидаларды және олар бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 337 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15722 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«24. Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру өтінімін ведомствоның аумақтық бөлімшелері құратын комиссия қарайды, оның құрамына:
1) ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің (басшының орынбасарынан төмен емес), комиссия төрағасы;
2) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерінің (басшыдан төмен емес);
3) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдардың;
4) балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастығының өкілдері кіреді;
5) cу ресурстарының аумақтық бөлімшелерінің (басшыдан төмен емес).»;
«25. Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғалардың өтінімі бойынша біліктілік талаптарына сай келген және шарттық міндеттемелерін орындаған жағдайда конкурс өткізілместен уәкілетті орган ведомствосының ұсынымы бойынша қайта бекітіп беріледі.»;
«26. Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру өтінімін ведомство құратын комиссия қарайды, оның құрамына:
1) ведомствоның (басшы орынбасарынан төмен емес), комиссия төрағасы;
2) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының (табиғат пайдалану мәселелеріне жетекшілік ететін облыстың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесінің басшысынан төмен емес);
3) ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің (басшы орынбасарынан төмен емес);
4) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдардың;
5) балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестігінің аккредиттелген республикалық қауымдастығының өкілдері кіреді.»;
«29. Комиссия хатшысы қайта бекiтуді ұйымдастыруға және өткізуге жауапты ведомствоның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдарының арасынан анықталады.
30. Балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін өздеріне қайта бекітіп беруге ниет білдірген жеке немесе заңды тұлғалар бекіту мерзімінің аяқталу күніне дейін 60 күнтізбелік күннен кешіктірмей балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі аумағында орналасқан аумақтық бөлімшеге өтінім береді.
31. Халықаралық және республикалық маңызы бар және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітуге өтінім аумағында бақыланатын қайта бекітіп берілетін балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі орналасқан ведомствоның аумақтық бөлімшесіне беріледі.»;
«37. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекіту туралы өтінімдерді комиссия олар ведомствоның аумақтық бөлімшесіне келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
38. Сұрау салу бойынша ведомствоға аумақтық бөлімше қайта бекітілетін халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша екі жұмыс күні ішінде балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін пайдаланудың бүкіл кезеңі үшін шарттық міндеттемелердің орындалуы (орындалмауы) туралы ақпарат береді.»;
«41. Өтінім беруші біліктілік талаптарына сәйкес келген және шарттық міндеттемелерді орындаған жағдайда облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін өтінім берушіге қайта бекітіп беру туралы шешім (қаулы) шығарады.
42. Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру бойынша шешім қабылдау үшін уәкілетті органның ведомствосы өтінім беруші біліктілік талаптарына сәйкес келген және шарттық міндеттемелерін орындаған жағдайда хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хаттамаға сәйкес жергілікті атқарушы органға ұсыным жолдайды.»;
«44. Ведомство немесе аумақтық бөлімшелер хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінімді қарау нәтижелері туралы өтінім берушіні хабардар етеді.
45. Облыстың не немесе ауданның жергілікті атқарушы органының балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекіту туралы шешімінің негізінде он жұмыс күні ведомствоның аумақтық бөлімшесі мен өтінім берушінің арасында балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт жасалады.».
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мирзагалиев
Полная версия
ИС BestProfi