Близость слов: Окончание:





«Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 154 жарлығы
1. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тізбесі:

Сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлері

Президент


 


 

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы

Президент

Премьер-Министр


 

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті  Қ. ТОҚАЕВ
Полная версия
ИС BestProfi