Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 қаулысымен бекітілген Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерінің 7-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағының 51) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен өзара іс-қимыл тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021 жылғы 28 маусымдағы № 132 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 29 маусымдағы № 11-1-4/265 бірлескен бұйрығы
1. Қоса беріліп отырған 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен өзара іс-қимыл тәртібі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бірлескен бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты орындау үшін олардың қатыстылығы бөлігінде лауазымды адамдарға жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау қызметтің тиісті бағытына жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарына және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық тараптардың соңғысы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы _____________Н. Айдапкелов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі __________М. Тілеуберді
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының 2021 жылғы 28 маусымдағы № 132 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 29 маусымдағы № 11-1-4/265 бірлескен бұйрығымен бекітілді
2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен өзара іс-қимыл тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысымен Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын (бұдан әрі – халық санағы) өткізу мерзімдері, сондай-ақ 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
2. Халық санағын өткізу кезіндегі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 27-р өкімімен 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешуге арналған арнайы комиссияға жүктелген.
3. Халық санағына:
1) үй шаруашылығының құрамына кіретін, елімізде тұрақты тұратын барлық респонденттер (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар), соның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары саласы бойынша (Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің персоналы) қызметтік міндеттерді орындауға немесе ұзақ қызметтік іссапарға (олармен бірге жүрген отбасының мүшелерін қоса алғанда) байланысты 12 ай және одан көп мерзімге шетелде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары;
2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ қызметтік іссапарға, келісімшарт бойынша жұмысқа, оқуға («Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша оқитындарды қоса алғанда – олардың елдегі болмаған мерзіміне қарамастан) және басқа да себептермен 12 айдан аз мерзімге шетелге кеткен адамдар (бұдан әрі – респонденттер) жатады.
Халық санағын өткізу кезінде халықты есепке алу Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 2021 жылғы 31 тамыздан 1 қыркүйекке қараған 00:00 сағат сәтіндегі жағдай бойынша жүзеге асырылады.
2-тарау. Шетелде жүрген респонденттердің санағын ұйымдастыру
4. Шетелде жүрген респонденттердің санағын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне (бұдан әрі – ҚР СІМ) жүктеледі.
5. ҚР СІМ шетелде жүрген респонденттердің санағы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросын елшіліктермен, бас консулдықтармен және шетелдердегі Қазақстан Республикасының тұрақты өкілдіктерімен (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері) өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.
3-тарау. Шетелде жүрген респонденттерді санақтан өткізу тәртібі
6. Респонденттер халық санағынан 2021 жылғы 1 қыркүйектен 15 қазан аралығында интернет желісі арқылы «www.sanaq.gov.kz» сайтында онлайн режимде санақ парақтарын электрондық түрде толтыруы арқылы өтеді. Респонденттердің санақтан өз бетінше өту мүмкіндігі болмаған жағдайда ҚР шетелдегі мекемелері оларды арнайы орынмен және баланстағы бар ұйымдастыру техникаларынан интернетке шығатын компьютермен қамтамасыз етеді.
7. Санақтан интернет желісі арқылы онлайн режимде өту кезінде респонденттер «www.sanaq.gov.kz» сайтында тіркеуден өтулері тиіс.Тіркеуден және авторизациядан сәтті өткеннен кейін, оларға толтырылуы қажет санақ парақтарының электрондық нұсқалары қолжетімді болады. Толтырылған санақ парақтары автоматты түрде Санақ деректерінің базасына түседі.
Полная версия