«Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 29 маусымдағы № 307 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 шiлдеде № 23372 болып тіркелді
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) арасында бөлу бекітілсін.
2. ЖЖОКБҰ-ның ректорлары Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын студенттер мен магистранттарға ЖЖОКБҰ-ның ғылыми қеңестері шешімдерінің негізінде тағайындасын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаменті көрсетілген стипендияны 1 қаңтардан бастап тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттар шегінде төлеуді жүзеге асырсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік етуші Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Аймагамбетов
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 29 маусымдағы № 307 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу
№ |
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атауы |
Стипендия |
|
студентам |
магистрантам |
||
1. |
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
100 |
2 |
2. |
«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
55 |
1 |
3. |
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
105 |
2 |
4. |
«Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
5 |
|
5. |
«Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
16 |
|
6. |
«Қ. И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техниқалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
3 |
|
7. |
«С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
33 |
|
8. |
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
27 |
|
9. |
«Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
7 |
|
10. |
«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
27 |
|
11. |
«Қарағанды индустриалды университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
5 |
|
12. |
«Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
17 |
|
13. |
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
55 |
1 |
14. |
«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
10 |
|
15. |
«А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өнірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
29 |
|
16. |
«Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
18 |
|
17. |
«Павлодар педагогиқалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
18 |
|
18. |
«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
24 |
|
19. |
«Рудный индустриалды институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
3 |
|
20. |
«Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
31 |
|
21. |
«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
75 |
|
22. |
«М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
67 |
1 |
23. |
«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
30 |
|
24. |
«Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
6 |
|
25. |
«Нархоз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
8 |
|
26. |
«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
9 |
|
27. |
«Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
37 |
|
28. |
«Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті» мекемесі |
4 |
|
29. |
«Азаматтық Авиация Академиясы» акционерлік қоғамы |
7 |
|
30. |
«Абылай хан атындағы Қазақ әлем тілдері және халықаралық қатынастар университеті» акционерлік қоғамы |
20 |
|
31. |
«КИМЭП» Университеті» акционерлік қоғамы |
23 |
|
32. |
«Алматы Менеджмент Университеті» білім беру мекемесі |
8 |
|
33. |
«Сүлеймен Демирель атындағы университеті» мекемесі |
13 |
|
34. |
«Қазақтұтынуодағы Қарағанды университеті» жеке меншік мекемесі |
9 |
|
35. |
«Халықаралық бизнес университеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
15 |
|
Барлығы |
919 |
7 |