Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 23 маусымдағы № 321 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 шiлдеде № 23280 болып тіркелді
Редакция 01.10.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамкулов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2021 жылғы 23 маусымдағы № 321
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.04.2023 жылғы № 308 Бұйрығына сәйкес (12.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.04.2023 жылғы №242 Бұйрығына сәйкес (23.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.05.2023 жылғы № 355 Бұйрығына сәйкес (28.04.2023 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.04.2023 жылғы №309 Бұйрығына сәйкес (12.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.06.2023 жылғы № 425 Бұйрығына сәйкес (28.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.06.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. «Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 335 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20865 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
Полная версия
ИС BestProfi