Близость слов: Окончание:





Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарын, оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін, сондай-ақ Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, олардың қолданысын ұзарту және «Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 440-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 шілдеде № 23412 болып тіркелді
Редакция 29.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 2-1) тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 15-4) тармақшасына, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары, оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, олардың қолданысын ұзарту және «Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі  Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 1 шілдедегі
№ 440-НҚ бұйрығына
1-қосымша
Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары, оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 23.02.2024 жылғы № 111-НҚ Бұйрығына сәйкес (01.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

р/с

Рұқсат беру талаптары

Рұқсат беру талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар тізімі

Ескертпе

1

2

3

4

1

Мынадай мамандықтардың бірі бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы: техникалық ғылымдар мен технологиялар, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (биологиялық және сабақтас ғылымдар, физикалық ғылымдар), инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, егер білімі сәйкес келмесе, өтінім берілген аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.

Осы Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны (бұдан әрі – Мәліметтер нысаны).

 

2

Жалпы жұмыс өтілі кемінде екі жыл, оның ішінде техникалық ғылымдар және технологиялар, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (биологиялық және сабақтас ғылымдар, физика ғылымдары), инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мамандығы бойынша немесе тауардың шығу тегі туралы сертификат беруге уәкілетті тұлға ретінде тауардың шығу тегі туралы сертификат беруге уәкілетті ұйымда бір жыл және сараптама ұйымының маманы ретінде бір жыл немесе сараптама ұйымында маман ретінде кемінде екі жыл.

Мәліметтер нысаны, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

 

3

Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізілген ұйымда мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) курстарынан өту. Сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаларды даярлау, қайта даярлау курстарын өту ұзақтығы кемінде 80 академиялық сағатты құрайды.

Мәліметтер нысаны.

Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – бір жыл.

4

Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының және шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған және осы бағытта кемінде үш жыл жұмыс істейтін сарапшы-аудиторда практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өту.

Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданысын ұзарту және «Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымшамен бекітілген нысан бойынша жеке тұлғаның тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысуын растайтын Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі номенклатурасының он түрлі тауар позициясы бойынша тауарлардың шығу тегі сараптамасы бойынша тағылымдамадан өткені туралы он есептің электрондық көшірмелері.

Тағылымдамадан өту туралы есептерге Сауда қызметін реттеу туралы заңның 7-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сараптама актілерінің көшірмелері қоса беріледі.

Тауар шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының және шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі жұмыстарды жүргізуде тағылымдамадан өтуді сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлға даярлау (қайта даярлау) курстары аяқталғаннан кейін жүзеге асырады.

 

Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрінің
2021 жылғы 1 шілдедегі № 440-НҚ
бұйрығына 2-қосымша
Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданысын ұзарту және «Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Полная версия
ИС BestProfi