Близость слов: Окончание:





Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 151 бұйрығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 11 тамыздағы № 431 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 тамызда № 23971 болып тіркелді
1. «Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 151 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10640 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-4) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 700 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12322 болып тіркелген);
2) «Объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 759 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12420 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы К. Ускенбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушының
2021 жылғы 11 тамыздағы
№ 431 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 151 бұйрығымен
бекітілген
Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидалары
Полная версия
ИС BestProfi