Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.10.2021
«COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № ҚР ДСМ-28/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-93 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 тамызда № 24121 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 26 қазаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.10.2021 жылғы № ҚРДСМ-102 Бұйрығына сәйкес 
«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығы 1-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2021 жылғы 28 мамырдағы хаттамасының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № ҚР ДСМ-28/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 8 сәуірде № 20304 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізу:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген COVID-19 коронавирусына қарсы күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға және қауіп тобына тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің жалақысына үстемеақы мөлшерлерінде:
«Осы тәуекел тобы бір қызметкерге үстемеақы мөлшері 2021 жылғы 1 тамызға дейін республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының жиырма еселенген мөлшерінен (бұдан әрі – ЕТЖМ) және 2021 жылғы 1 қазаңға дейін республикалық бюджет туралы заңды ағымдағы қаржы жылына белгіленген он еселенген ЕТЖМ-ден аспайды.»;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«медициналық авиацияны тарта отырып, жедел медициналық жәрдемнің дәрігерлері мен орта медициналық персоналы тартылған жағдайда;»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тәуекел тобы үстемеақы мөлшері бір жұмыскерге 2021 жылғы 1 тамызға дейін республикалық бюджет туралы заңмен ағымдағы қаржы жылына белгіленген он еселенген ЕТЖМ-ден және 2021 жылғы 1 қазаңға дейін республикалық бюджет туралы заңмен ағымдағы қаржы жылына белгіленген бес еселік ЕТЖМ-ден аспайды.»;
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның жаңа түрінің әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі республикалық штабтың және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктерінің аумақтық штабтарының мүшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде (блок-бекеттерде, әуежайларда және теміржол вокзалдарында) карантиндік режимді қамтамасыз ететін денсаулық сақтау жұмыскерлері;»;
екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тәуекел тобы үстемеақы мөлшері бір қызметкерге 2021 жылғы 1 тамызға дейін республикалық бюджет туралы заңмен ағымдағы қаржы жылына белгіленген бес еселік ЕТЖМ-ден және 2021 жылғы 1 қазаңға дейін республикалық бюджет туралы заңмен ағымдағы қаржы жылына белгіленген 2,5 ЕТЖМ-ден аспайды.»;
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің жалақысына үстемақы белгілеу қағидаларында:
«7. Комиссияның құрамы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімімен:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органының;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (көліктегі) Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері атынан халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органының;
4) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселері бойынша мемлекеттік басқарудың жергілікті органының;
6) денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподақтарының медицина қызметкерлерінің мүдделерін білдіретін үкіметтік емес ұйымдарының (бұдан әрі – ҮЕҰ) (келісім бойынша);
7) «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашалық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалының филиал директорының орынбасарынан төмен емес өкілдерінен қалыптасады.»;
«9. Комиссия денсаулық сақтау ұйымы басшысының ұсынысы негізінде COVID-19 коронавирусын жұқтырудың тәуекел тобын көрсете отырып, үстемеақы белгіленетін жұмыскерлердің тізімін айқындайды.
Комиссия шешім қабылдаған кезде өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды, денсаулық сақтау ұйымы мен оның жұмыскерлері жұмылдырылған COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберіндегі эпидемияға қарсы іс-шаралардың сипатын назарға алады.
Комиссияның осы Қағидамен реттелмеген бөлігіндегі жұмыс регламенті облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімімен айқындалады.»;
«11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомствосының қарамағындағы COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде зертханалық зерттеулерді, дезинфекциялауды және дератизациялауды, эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалуына мониторингті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыскерлерін қаржылық қолдауды ұйымдастыру үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның жанынан комиссия құрылады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның комиссиясы шешім қабылдаған кезде елдегі эпидемиологиялық жағдайды, денсаулық сақтау ұйымы мен оның жұмыскерлері қатысатын COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберіндегі эпидемияға қарсы іс-шаралардың сипатын назарға алады.»;
«13. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмыскерлерге үстемеақы сомаларын төлеуі әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық бөлімшелерінің (орталық атқарушы органдардың және өзге де орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ әскери-медициналық (медициналық) мекемелердің (ұйымдардың), әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз етуді жүзеге асыратын өзге де бөлімшелердің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы медициналық орталығының ведомстволық бағынысты ұйымдарының) қызметкерлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-291/2020 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21831 болып тіркелген) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
көрсетілген қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 тамыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің
 2021 жылғы 26 тамыздағы
 № ҚР ДСМ-93
 бұйрығына 1 қосымша
 COVID-19 коронавирусымен
 күрес шеңберінде эпидемияға
 қарсы іс-шараларға тартылған
 денсаулық сақтау жүйесі
 жұмыскерлерінің жалақысына
 үстемеақы белгілеу
 қағидаларына қосымша
 COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің жалақысына үстемеақының есептелген сомалары туралы ақпарат __________________________________________________ (денсаулық сақтау ұйымының/мекеменің атауы)
  20 __ жылғы «____»________ бастап 20 __ жылғы «____» ______ дейінгі кезең аралығында есептелен үстемеақы:
  1-топқа айына: _______ теңге (20 ЕТЖМ 2021 жылдың 1 тамызына дейін, 10 ЕТЖМ 2021 жылдың 1 тамыздан 2021 жылдың 1 қазанына дейін)
  2-топқа айына:________ теңге (10 ЕТЖМ 2021 жылдың 1 тамызына дейін, 5 ЕТЖМ 2021 жылдың 1 тамыздан 2021 жылдың 1 қазанына дейін)
  3-топқа айына:________ теңге (5 ЕТЖМ 2021 жылдың 1 тамызына дейін, 2,5 ЕТЖМ 2021 жылдың 1 тамыздан 2021 жылдың 1 қазанына дейін)

р/с №

Тегі, әкесінің аты (бар болса)

Атқарып отырған лауазымы

Тәуекел тобы

Жұмыс уақытының айлық балансы, сағат

Нақты жұмыс істеген, сағат

Жұмыс істеген сағаттардың үлесі, %

Төлеуге үстемақы сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

Бөлімшенің атауы ________________

1


 


 


 


 


 


 


 

2


 


 


 


 


 


 


 

3


 


 


 


 


 


 


 

Бөлімшенің атауы ________________

1


 


 


 


 


 


 


 

2


 


 


 


 


 


 


 

3


 


 


 


 


 


 


 

4


 


 


 


 


 


 


 

Барлығы


 


 


 


 


 


 

 Комиссия төрағасы: ________________________________/__________________ (Тегі, әкесінің аты (бар болса)/Қолы) (қағаз жеткізгіштегі құжат үшін) Комиссияның мүшелері: ________________________________/___________________ (Тегі, әкесінің аты (бар болса)/Қолы) (қағаз жеткізгіштегі құжат үшін) Денсаулық сақтау ұйымының/мекеменің басшысы (уәкілетті тұлға): _______________________________/____________________ (Тегі, әкесінің аты (бар болса)/Қолы) (қағаз жеткізгіштегі құжат үшін) Бас бухгалтер/бөлімше басшысы: ______________________________/_____________________ (Тегі, әкесінің аты (бар болса)/Қолы) (қағаз тасығыштағы құжат үшін) Мөр орны (болған жағдайда) / (қағаз жеткізгіштегі құжат үшін) Күні 20___ жылғы «_____»_________
Полная версия
ИС BestProfi