Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің
2021 жылғы « » тамыздағы
№ бұйрығына
 ___қосымша
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 17 тамыздағы № 864-к бұйрығы
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құзыреті шегінде білім және ғылым саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады, сондай-ақ ведомствоның құзыреті шегінде Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен, Комитет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 11-кіреберіс.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Комитеттің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
1) ведомство өз құзыреті шегінде білім және ғылым саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға қатысу;
2) білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарына сырттай бағалау жүргізу арқылы білім саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру, мемлекеттік бақылауды жүргізу, сондай-ақ ғылыми кадрларды даярлау сапасын бақылау;
Полная версия
ИС BestProfi