Близость слов: Окончание:





Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 қазанда № 24803 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.06.2022 жылғы № 204 Бұйрығына сәйкес (15.10.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 05.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 16-6) тармақшасына және 48-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.06.2022 жылғы № 204 Бұйрығына сәйкес (15.10.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Е. Карашукеев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2021 жылғы 15 қазандағы № 297
бұйрығымен бекітілген
Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.06.2022 жылғы № 204 Бұйрығына сәйкес (15.10.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 14-бабы 1-тармағының 16-6) тармақшасына және 48-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (бұдан әрі – веб-портал) электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.12.2023 жылғы № 446 Бұйрығына сәйкес (23.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) жер учаскесі – Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
Полная версия
ИС BestProfi