«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Внимание! Документ утратил силу с 05.01.2022
«Ashyq» жобасын енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 24 қыркүйектегі 2021 жылғы № 44 қаулысы
Осы Қаулы 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 31.12.2021 № 56 Қаулысына сәйкес
Редакция 20.10.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Объектілерде «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылсын:
йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
спа-орталықтары;
моншалар, сауналар, бассейндер;
PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
боулинг клубтары;
кинотеатрлар;
театрлар мен филармониялар;
стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;
облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;
бильярд клубтары;
концерт залдары;
ерікті қатысушылар;
караоке;
көрмелер;
Полная версия