Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2022
Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 28 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13.01.2022 жылғы № 2 Қаулысына сәйкес 
Редакция 26.10.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасында халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды жүргізу» әдістемелік ұсынымдары (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) бекітілсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес коронавирустық инфекцияның (СOVID-19) профилактикасы бойынша вакциналарды сақтау және тасымалдау регламенті (бұдан әрі – Регламент) бекітілсін.
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 01.07.2021 жылғы № 30 Қаулысына сәйкес (11.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 03.09.2021 жылғы № 41 Қаулысына сәйкес (12.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 06.10.2021 жылғы № 45 Қаулысына сәйкес (03.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 26.10.2021 жылғы № 48 Қаулысымен (06.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)
4. Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелері осы қаулының 3-тармағында көрсетілген құжаттар болған кезде Венгрия, Таиланд және Моңғолия азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне рұқсат етсін.
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің басшылары облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшыларымен бірлесіп:
1) Әдістемелік ұсынымдарды және Регламентті коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды жүргізуге жауапты денсаулық сақтау ұйымдарына жұмыста басшылық алу үшін жіберуді;
2) коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша аудандық, қалалық және облыстық деңгейлерде медицина қызметкерлерін оқытуды жүргізуді қамтамасыз етсін.
6. Тиісті аумақтың, көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, төтенше жағдайлар органдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы ведомствосының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары осы қаулының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
7. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 3 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
9. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігеріЕ. Қиясов
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 11 маусымдағы
№ 28 қаулысына
1-қосымша
«Қазақстан Республикасында халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды жүргізу» уақытша әдістемелік ұсынымдары
1. Осы«Қазақстан Республикасында халықтыкоронавирустық инфекцияға қарсывакцинациялауды жүргізу»әдістемелік ұсынымдары (бұдан әрі –Әдістемелікұсынымдар) коронавирустық инфекцияға(бұдан әрі – КВИ) қарсы вакцинациялаудыжүргізу тәртібін айқындайды.
2. КВИ-ғақарсы вакцинациялауға коронавирустықинфекцияны жұқтыру қаупі жоғары адамдар,сондай-ақ осы инфекцияға қарсыпрофилактикалық егуді алуға ниетбілдіргенадамдардың барлығыжатады.
Полная версия
ИС BestProfi