«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7) және 12) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 143 бұйрығымен бекітілген«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті» мемлекеттік мекемесі ережесінің 14-тармағының 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығымен бекітілген Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидаларының 6-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 966 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
XI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған онлайн-конкурсын өткізу туралы Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі мәдениет Комитетінің 2021 жылғы 27 қазанындағы №13 бұйрығы
1. XI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған онлайн-конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өткізілсін.
2. Қоса беріліп отырған Конкурсты өткізу қағидалары бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті Конкурстың жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға А. Абдуалиев
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының 2021 жылғы 27 қазандағы № 13бұйрығымен бекітілген
XI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған онлайн-конкурсының өткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы XI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған онлайн-конкурсын өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының
12) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 966 қаулысымен бекітілген және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын сәйкес әзірленді және XI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған онлайн-конкурсын (бұдан әрі– Конкурс) өткізу тәртібін айқындайды.
Конкурс Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына және Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналып өткізіледі.
Конкурстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі – Конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады.
Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты 2020 жылғы ХІ конкурстың өткізілмеуі себебінен 2020 жылы жаңа өнер туындыларына арналған «Тәуелсіздік толғауы» ХІ республикалық онлайн-конкурсына (бұдан әрі – 2020 жылғы Конкурс) қатысуға келіп түскен барлық өтінімдерді қазылар алқасы (бұдан әрі – Қазылар алқасы) ағымдағы жылы тең деңгейде қарайды.
2-тарау. Конкурстың мақсаты мен міндеттері
Конкурстың мақсаттары мен міндеттері:
Абай Құнанбайұлы, Әбу Насыр әл-Фараби мен Жамбыл Жабаевтың бай мұрасын насихаттау;
өнер туындылары арқылы қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
Полная версия