Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2021 жылғы 2 қарашадағы № 333 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Министрдің м.а. 
2021 жылғы 2 қарашадағы 
№ 333 бұйрыққа қосымша
   Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің күші жойылды деп танылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу жөніндегі кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 153 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10135 болып тіркелген).  
2. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 565 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтары тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12326 болып тіркелген).
3. «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу жөніндегі кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 153 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 24 қазандағы № 456 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14486 болып тіркелген).
4. «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу жөніндегі кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 153 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика  министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 395 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17694 болып тіркелген).
5. «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы  № 153 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика  министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 134 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде№ 20362 болып тіркелген).
6. «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы  № 153 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика  министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 313 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21233 болып тіркелген).
7. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика  министрінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 314 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24693 болып тіркелген).
Полная версия
ИС BestProfi