Близость слов: Окончание:





Стратегиялық объектілерді иеліктен шығару және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы
   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы № 804 қаулысы
Редакция 18.08.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына осы қаулыға қосымшада көрсетілген стратегиялық объектілерді «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің пайдасына иеліктен шығару жөнінде мәміле жасауға рұқсат етілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiнде:
реттік нөмірі 84-жол мынадай редакцияда жазылсын:

84

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесінде есепте.

2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 18.08.2022 жылғы № 571 Қаулысына сәйкес (10.11.2021ж. редакцияны қараңыз)
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2021 жылғы « »
 № қаулысына
 қосымша
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіне берілетін стратегиялық объектілерінің тізбесі

Р/с №

Мүліктің атауы

Саны

(бірл.)

Гараж нөмірі, мем.нөмірі (№)

Сәйкестендіру нөмірі

1

2

3

4

5

1.

TIMSAN MPS5800 маркалы өздігінен жүретін жолаушылар автотрапы

1

гараж

308

VIN (шасси №): NNANPR75H02000615

Қозғалтқыш № 825416

Түгендеу № 98470664

2.

TIMSAN MPS5800 маркалы өздігінен жүретін жолаушылар автотрапы

1

гараж

315

VIN (шасси №): NNANPR75H02000547

Қозғалтқыш № 824816

Түгендеу № 98470671

3.

Әуе кемелерін мұздануға қарсы өңдеуге арналған PREMIER MT43-21 маркалы арнайы машина

1

гараж

355

VIN (сериялық №): S/N 67838

Қозғалтқыш № 73056249

Түгендеу № 98470535

Полная версия
ИС BestProfi