Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.01.2022
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 23 «Атырау облысында шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 8 қарашадағы № 24 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының 14.01.2022 жылғы № 1 Қаулысына сәйкес 
Тұрақты эпидемиологиялық ахуалды сақтау және мереке күндері қарсаңында Атырау облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық  инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі №23 «Атырау облысында шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 а тармақпен толықтырылсын және мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«1а. Барлық меншік түріндегі ұйымдарға, кәсіпорындарға мектеп және мектепке дейінгі мекемелерге, орта және жоғары білім беру ұйымдарына:
- көпшілік іс-шаралар (ертеңгіліктер, мәдени, тәрбиелік, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстарын және т.б.) өткізуге тыйым салынсын;
- мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіріп іс-шаралар өткізуге тыйым салынсын;».
2) 6-тармақ пен 1,2-қосымша өзгертілсін, толықтырылсын және мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметінің өлшемшарттарына сәйкес қызметке рұқсат етуді осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) рұқсат етілсін.
Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған) жұмыс және демалыс күндері штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтауды қамтамасыз етсін»;
3) 10-тармақ өзгертілсін және мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«10. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы, «Атамекен» ӨКП:
10.1. бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қабылданатын шаралар туралы ақпараттық қолдауды, адамдардың, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданған шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіруді;
10.2. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілері мен қала халқының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін».
4)  12-тармақ өзгертілсін және мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары, Атырау облысының Полиция  департаменті, Атырау қаласы және аудандар әкімдері осы қаулының орындалуына  күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.».
5)  Осы қаулы 2021 жылғы 10 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді. 
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Танауов
Атырау облысының Бас мемлекеттік
 санитариялық дәрігерінің
 2021 жылғы 8 желтоқсандағы
 №24 қаулысына
 1-қосымша
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары
Атырау облысының Бас мемлекеттік
 санитариялық дәрігерінің
 2021 жылғы 8 желтоқсандағы
 №24 қаулысына
 2-қосымша
«Жасыл мәртебесі» болған кезде «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің өлшемшарттары
Полная версия
ИС BestProfi