Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2025
«Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 912 қаулысы
Осы Қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 08.05.2025 жылғы № 321 Қаулысына сәйкес
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
«1-1. Үлесінің жүз пайызы мемлекеттік меншіктегі «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2019 – 2020 жылдардың қорытындысы бойынша жарғылық капиталдағы мемлекеттік қатысу үлесіне дивидендтер (таза табыс бөлігін) төлеуден босатылады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Полная версия

