Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.04.2025
Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбiр мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 1349 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 04.04.2025 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес 
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
9 «Басқалар» функционалдық кіші тобында:
483 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
044 «Моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру» бюджеттік бағдарлама бойынша:
мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
«032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi