Близость слов: Окончание:





Өнеркәсіптік саясат туралы
 Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 86-VII Заңы
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 19.05.2025 жылғы № 188-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 18.07.2025 жылғы № 215-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 11.10.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң өнеркәсіптік саясаттың негіз қалаушы қағидаттарын белгілейді әрі өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аумақтық кластер – өндірушілерді, өнім берушілерді, ғылыми және зерттеу ұйымдарын, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын және белгілі бір салалық мамандануы бар басқа да ұйымдарды қамтитын өзара байланысты және өзара толықтыратын ұйымдардың географиялық шоғырланған тобы;
2) елішілік құндылық – ішкі нарықта өндірілген тауарлардың және жүзеге асырылған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өндірілген тауардың, жүзеге асырылған жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің жалпы көлеміндегі пайыздық мөлшері;
3) Индустрия 4.0 – нақты уақыт режимінде физикалық процестердің мониторингі жүргізілетін, жедел шешімдер қабылданатын, сондай-ақ технологиялардың өзара және адамдар арасында іс-қимыл жасауы жүзеге асырылатын, физикалық объектілердің, процестер мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың интеграциясын көздейтін өндірістің ұйымдастырылуы;
4) инновация – қандай да бір жаңа немесе айтарлықтай жақсартылған өнім (тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет), технология немесе процесс, жаңа маркетинг әдісі немесе іскерлік практикадағы жаңа ұйымдастыру әдісі, жұмыс орындарын немесе сыртқы байланыстарды ұйымдастыру түрінде іске асырылған, бәсекелік артықшылық алуды қамтамасыз ететін, инновациялық қызметтің пайдалануға берілген түпкілікті нәтижесі;
5) инновациялық қызмет – инновацияларды жасауға бағытталған қызмет (зияткерлік, шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, технологиялық, өнеркәсіптік-инновациялық, ақпараттық-коммуникациялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және (немесе) коммерциялық қызметті қоса алғанда);
6) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган – инновациялық және технологиялық даму саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіру мен инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6-1) квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері – кейіннен сатып алу құқығымен жеке тұлғаларға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаларды қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар;
1-бап 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 19.05.2025 жылғы № 188-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 20.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) Қазақстанда шығарылған тауар – толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген тауар немесе өндіру кезінде өндірістік және технологиялық операциялардың ең төмен шегі орындалатын, өндіріс шарттарына сәйкес келетін қайта өңделген тауар, ол туралы мәліметтер қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінде қамтылады;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.05.2025 жылғы № 188-VIII Заңына сәйкес (01.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-1) қазақстандық тауар өндіруші – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген кәсіпкерлік субъектісі;
1-бап 7-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 19.05.2025 жылғы № 188-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 31.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-2) қарсы міндеттемелер – өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі мен мемлекеттің осы Заңға сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде қабылданатын өзара міндеттемелері;
1-бап 7-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 19.05.2025 жылғы № 188-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 31.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) нарық сыйымдылығы – ішкі нарықтың, өнеркәсіптік өнім өндірісінің, импорты мен экспортының барынша мүмкін болатын көлемін айқындайтын сандық көрсеткіш;
8-1) офтейк-келісімшарттар тізілімі – мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерден алынған офтейк-келісімшарттар, оларды орындаушылар және өңдеу өнеркәсібінің өндірілетін тауарлары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор;
1-бап 8-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 01.07.2024 жылғы № 107-VII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) өнеркәсіп – пайдалы қазбалар өндіруге, өңдеу өнеркәсібіне, электр энергиясымен, газбен және бумен қамтамасыз етуге, ауаны баптауға, сумен жабдықтауға, су бұруға, қалдықтарды жинауға және кәдеге жаратуға, сондай-ақ ластануды жоюға жататын экономикалық қызмет түрлерінің жиынтығын білдіретін экономика саласы;
10) өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілері – өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері;
Полная версия
ИС BestProfi